ffin.kz

«Жақыныңа жәрдем бер»

«Жақыныңа жәрдем бер» Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматылықтар ардагерлердің, жалғызбасты зейнеткерлердің ауласын жинады. Мегаполисте «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны жалғасып жатыр.


Науқанға қатысқысы келетін және үлес қосқысы келетін қала тұрғындарының өтінішінің көптігіне байланысты Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Жақыныңа жәрдем бер» акциясын өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Акцияның мақсаты – қаланың жеке секторында тұратын жалғызбасты зейнеткерлер мен ерекше қажеттілігі бар қарт адамдардың ауласын тазалауға және көркейтуге көмек көрсету. 



866 ерікті мен қала тұрғыны ардагерлер, жалғызбасты зейнеткерлер, халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын 114 үйді ретке келтірді.



Жеке үйлердің аумағы тазартылып, қоршаулар боялды, ағаштар санитарлық мақсатта кесіліп, ағартылды, өсімдіктер және т.б. отырғызылды.



Алатау ауданы - 15 үй, 96 ерікті,
Түрксіб ауданы - 13 үй, 98 ерікті,
Алмалы ауданы - 49 үй, 290 ерікті,
Жетісу ауданы - 8 үй, 42 ерікті,
Бостандық ауданы - 6 үй, 37 ерікті, 
Әуезов ауданы - 10 үй, 150 ерікті,
Наурызбай ауданы - 13 үй, 153 ерікті.


Акция жалғасуда, тағы 93 үйді қамту жоспарланған.



Акция «Таза Қазақстан» республикалық науқаны және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында өтуде.



Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады. 


Барлық ақпарат  almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.


Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43