Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Жапонияда сатылатын жантақ

Жапонияда сатылатын жантақ

Әлем 21.10.2024, 20:35 1,549
Жапонияда сатылатын жантақ
Жұлдыз Көшжанованың жеке мұрағатынан

Жантақ қызылордалықтар үшін таңсық емес. 

Бүгінде емдік сусын тек Қызылордада ғана емес, алыс-жақын шет елдерге де сатылымға шықты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мамандығы экономист, үш баланың анасы Жұлдыз Көшжанова бала күтімінде отырып, немен айналысу керектігін зерттей бастайды. Осы кезде оның назарына "түйе тікенегі" немесе "жантақ" деп те атайтын емдік шөп ілігеді.Сөйтіп ол бір жылдан бері түйе тікенегінен шай дайындап келеді. Шамамен айына 23 кг өнім сатады.

Бұл түйенің сүйікті шөбі, дегенмен ежелде қазақ халқы бұл шөпті емдік мақсатта пайдаланған, тіпті шай да әзірлеген. Құпия құрам бабадан балаға беріліп келеді.

"Шайды демдеу үшін әйелдер мамыр айында гүлдеген өсімдік тікендері мен жапырақтарын жинайды. Бастысы тікенді өсімдіктен жарақат алып қалмау қажет. Жантақтың тамырында біршама пайдалы заттар бар. Мәселен: аскорбин, органикалық қышқылдар, резеңке және эфир майлары. Ол суыққа, тамақтан улануға, ревматизмге және басқа да түрлі ауруларға көмектеседі. Сондай-ақ, шаршауды басып, шөлді қандырады", - дейді Жұлдыз.

Жұлдыздың айтуынша, жантақтан жасалған шайды отбасы мүшелері түгел дерлік ішеді. Оны сексеуіл немесе ағаш жағып самаурында қайнатқан дұрыс. Дегенмен арнайы қайнату талаптары жоқ. Әдеттегі шай сияқты, бірнеше қасық құрғақ өсімдікті қайнаған суға бұқтыру керек. Қалауыңыз бойынша қосымша заттар қосуға болады, бірақ сүт қатуға болмайды.

"Аралда өсетін түйе тікенегінен дайындалған шайды танымал ету үшін, оны бренд ретінде қалыптастыруды ұйғардым. Дәл осы уақытта "бір ауыл — бір өнім" жобасы жарияланды. Оған қатысып, грант ұтып алдым. Жобаның арқасында енді өнімім Жапониядағы дүкен сөрелеріне түсуі мүмкін",- деді Жұлдыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жантақ #қызылорда #Жапония
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика