AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Жапонияда «жақсы әжей» қызметі іске қосылды

Жапонияда «жақсы әжей» қызметі іске қосылды

Әлем 12.07.2025, 15:23 940 dulatbekova
Жапонияда «жақсы әжей» қызметі іске қосылды
Сурет: azertag.az

Жапонияда егде жастағы әйелдерді сағатына шамамен 3 300 иенге (20 АҚШ доллары) және жолақысына тең қосымша ақыға жалдауға мүмкіндік беретін OK Obaachan (қазақша мағынасы – «Жақсы әжей») қызметі іске қосылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

AZƏRTAC агенттігі жапондық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлағандай, бұл қызмет 2011 жылы Client Partners компаниясы іске қосқан сәттен бастап кең қолданысқа ие болып, бүгінгі күні оған 60 пен 94 жас аралығындағы 100-ге жуық зейнеткер әйел қатысып отыр. Олар тамақ дайындау, бала қарау, үй шаруасына көмектесу, каллиграфия және басқа да тәжірибелік қолдау түрлерін ұсынады. Сонымен қатар, бұл қызметтің аясында эмоционалдық қолдау – жанұялық дауларды реттеуге көмектесу, клиенттерге ажырасу кезінде серік болу немесе ата-аналарға көмек көрсету сынды қызметтер де көрсетіледі.

Аталған бастама Жапония қоғамындағы маңызды өзгерістерді бейнелейді: елде әр төртінші адам 65 жастан асса да жұмысын жалғастырып отыр. Бұл – тек қаржылық қажеттілік емес, сонымен бірге «икигай» деп аталатын өмірлік мағынаны іздеу мен белсенді болуға ұмтылыстың белгісі.

OK Obaachan — Жапонияда соңғы жылдары кең тараған «отбасыны жалға алу» қызметінің бір бөлігі саналады. Бұл қызмет түрлері әлеуметтік оқшаулану мен дәстүрлі отбасылық құрылымдардың өзгеру мәселелерін шешуге бағытталған. Адамдар жалған туыстарды, достарды жалға алып, өз өміріндегі бос кеңістіктерді толтыра алады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жапония #жақсы әжей #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар Сербиядағы турнирде жеті медаль жеңіп алды

Бүгін 18:32

Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:29

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 халықаралық ашық биология олимпиадасына қатысуда

Бүгін 18:26

Мәдениет шамы сөнбесін

Бүгін 17:36

Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);