Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңару мен тазалық күні

Жаңару мен тазалық күні

Әлеумет 15.03.2025, 14:49 709
Жаңару мен тазалық күні
Фото: Самат Құсайынов

Наурызбай ауданындағы Сақ қорғаны аумағында кең көлемді сенбілік өтті

Наурызбай ауданында өткен сенбілікке 250-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, танымал медиа тұлғалар, коммуналдық қызмет мамандары және бей-жай қарамайтын қала тұрғындары болды.

– Жастайымнан қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысып келемін. Бүгінгі күн де мен үшін ерекше емес, өйткені Алматы – біздің ортақ үйіміз. Қала тазалығы мен тәртібі әрбір тұрғынға байланысты. Осы сәтті пайдалана отырып, баршаңызға бейбітшілік, жақсылық және молшылық тілеймін. Қасиетті Наурыз мерекесі құтты болсын! – деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерлан Көкеев.

Наурызбай ауданының ұйғыр этномәдени орталығының өкілдері осындай игі шараларға жыл сайын белсене атсалысады.

– Біз бұған дейін де мұндай сенбіліктерге қатысып жүргенбіз. Бұл жолы да ешкім бей-жай қалған жоқ. Барлық қатысушыларға арнап дәмді палау мен бауырсақ әзірледік, – деді Наурызбай ауданындағы этномәдени орталықтың төрағасы Бахтияр Исмаилов.

Айта кету керек, тазалық жұмыстарына 18 арнайы техника жұмылдырылып, 150 текше метр қоқыс пен қыс бойы жиналған топырақ шығарылды. Коммуналдық қызметкерлер ағаштарды санитарлық қырқудан өткізіп, жасыл аймақтарды тазалап, қоршауларды, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін сырлады. Сондай-ақ, көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдары жуылды.

Наурызбай ауданында өткен бұл сенбілік бірліктің, туған қалаға деген қамқорлық пен оның тарихына құрмет көрсетудің символына айналды. Алматы – біздің ортақ үйіміз, және оның тазалығы әрқайсымызға тікелей байланысты.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тазалық #сақ қорғаны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика