AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ЖАҢАРУ – ЖАҚСЫЛЫҚ НЫШАНЫ

ЖАҢАРУ – ЖАҚСЫЛЫҚ НЫШАНЫ

Әлеумет 19.03.2025, 16:05 943 Құралай ИМАНБЕКҚЫЗЫ
ЖАҢАРУ – ЖАҚСЫЛЫҚ НЫШАНЫ
Самат Құсайынов

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық акциясы өтті

Табиғаттың, тіршіліктің және рухани жаңарудың символы Наурыз мерекесі тек той-думанмен ғана емес, ел игілігіне арналған игі істермен де жалғасып жатыр. 

С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттері «Жаңару күні» білім ордасының айналасын тазалап, сенбілік өткізді. Бұл шара елімізде өткізіліп жатқан «Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық науқаны аясында ұйымдастырылып отыр.  

Тазалық жұмыстарына ерекше белсенділік танытқан болашақ дәрігерлер қолдарына тырма, сыпыртқы, кетпен алып, оқу орнының аумағын ретке келтірді. Қыздар аумақты сыпырып, жігіттер жиналған қоқыстарды арнайы қаптарға салды. Сенбілікке қатысушылардың айтуынша, қоршаған ортаның тазалығы – қоғамның денсаулығына тікелей әсер ететін маңызды фактор. 
Бұл шара студенттер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға және жауапкершілікті сезінуге үлкен ықпал етеді. Білім алушыларды қолдау және дамыту департаментінің басшысы Шермет Шерзат Розметұлы студенттердің белсенділігін ерекше атап өтті:

– С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің (ҚазҰМУ) студенттері мен оқытушылары ұйымдастырған іс-шара – тек тазалық шарасы ғана емес, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Бұл сенбілік тек тазалық жұмыстары ғана емес, сонымен қатар ұрпақтың бойына қоршаған ортаға деген жанашырлықты сіңірудің бір жолы. Университетімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мұндай шаралар студенттердің туған жеріне деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық рухын нығайта түседі, - дейді ол. 

Студенттер оқу орнына тиесілі аумақты ғана емес, қала көшелерін, жаяу жүргіншілер жолын, арық жүйелерін де тазалады. Бұл акция тек қана тазалық жұмыстарымен шектелмей, жастарға экологиялық тәрбие беріп, табиғатты аялау мен қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыруға септігін тигізді. Университет ұжымы алдағы уақытта да экологиялық іс-шараларға белсене қатысып, қаламыздың көркеюіне өз үлесін қоса бермек. 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#студенттер #жаңару күні #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы инклюзивті орта құруға бет бұрды

Бүгін 18:30

Қалаға тарту болған вальс: түлектер Алмалы ауданын 90 жылдығымен құттықтады

Бүгін 18:28

Алматы мешіттерінде Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары жүргізілуде

Бүгін 17:32

Алматыда 600-ден астам көпбалалы әйел бизнес ашу үшін оқудан өтті

Бүгін 17:09

Алматыдағы әлеуметтік кәсіпкерлердің 74%-ы әйелдер

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);