Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Жаңа туған нәрестенің ми тінінен өскін алынды: сир...

Жаңа туған нәрестенің ми тінінен өскін алынды: сирек жағдай Алматыда тіркелді

Медицина 10.06.2025, 14:44 641
Жаңа туған нәрестенің ми тінінен өскін алынды: сирек жағдай Алматыда тіркелді
Сурет: Gov.kz

Алматыда дәрігерлер сирек кездесетін патологиясы бар жаңа туған сәбиге сәтті ота жасады

Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында медицина тарихына енеті оқиға тіркелді. Қазақстандық дәрігерлер әлемде сирек кездесетін – небәрі 30 рет қана тіркелген патология бойынша сәбиге сәтті ота жасады, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Жаңа туған нәресте өмірге келген сәттен бастап өздігінен тыныс ала алмаған. Бет пен мойын тұсында көлемі 4х4 см болатын өскін тыныс жолдарын жауып, оның өміріне тікелей қауіп төндірген. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы бастапқыда өте ауыр болған. Ол әр демінде өмір үшін арпалысты.

Нәресте ауруханаға арнайы инкубатормен жеткізіліп, бірден жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Алғашында өскін лимфангиома болуы мүмкін деген болжам айтылды. Алайда кейінгі зерттеулер оның өмірлік маңызы бар жүйке мен қан тамырларына әсер еткенін көрсетті.

Орталықтың дәрігерлері бірнеше консилиум өткізіп, әрбір қадамды мұқият жоспарлап, ота жасау туралы шешім қабылдады. Екі сағатқа созылған күрделі операция сәтті өтіп, нәресте алғаш рет өздігінен еркін тыныс алды.

Отадан кейінгі гистологиялық зерттеу нәтижесі дәрігерлерді таңғалдырды: ісік деп ойлаған тін – ми тіні болып шықты. Бұл – гетеротопиялық ми тіні деп аталатын, эмбрион даму кезінде ми жасушаларының бас сүйек сыртында орналасуынан туындайтын аса сирек аномалия. Дүниежүзілік тәжірибеде мұндай жағдайлар тек 30 рет қана тіркелген.

– Бұл медициналық тұрғыда ғана емес, адами тұрғыда да үлкен жетістік, – дейді орталық директоры Әлібек Смағұлов. – Сәбидің өмірі ғана емес, денсаулығы да сақталып қалды.

Бүгінде сәби өздігінен дем алып, емуді үйреніп, үйіне шығарылған. Дәрігерлер оның толық сауығатынына сенімді.

Айта кетейік, 2024 жылы орталықта даму ақауы бар 49 жаңа туған нәрестеге ота жасалған. Ал биылғы жылдың басынан бері 24 сәби перзентханадан жедел көмекпен жеткізіліп, дер кезінде медициналық көмек алған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін медицина саласында сирек кездесетін бес мамандық жайлы жариялаған едік. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Операция #Нәресте #медицина #патология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда сот шешімімен ірі ғимарат сүріліп жатыр

Бүгін 12:16

Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын сотталды

Бүгін 12:10

Freedom Inside форумы: цифрлық экожүйелердің бизнес пен технологияларды қалай біріктіреді

Бүгін 12:05

Белгілі қазақстандық жазушылар мен ақындар «Кітап оқитын ұлт» жобасы Қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді

Бүгін 11:54

Алматыдан 273 шақырым қашықта жер сілкінді

Бүгін 11:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика