ffin.kz

Жаңа оқу жылында мектептер жетіспеуі мүмкін

Жаңа оқу жылында мектептер жетіспеуі мүмкін Сурет: Egemen.kz

Еліміз бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан 250 мектептің 35-і өз мерзімінен кешігіп жатыр.


Оның ішінде Жамбыл облысы да бар. Жаңа оқу жылында аймақта мектептердің жетіспеуі мәселе тудыруы мүмкін. Өйткені өңірдегі күрделі жөндеу көруі тиіс 17 мектептің алтауының құрылысы тым кеш басталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 


Жөндеу жұмысына құрылысшы мамандар маусым айының соңы мен шілдеде ғана кіріскен көрінеді. Бұған мемлекеттік сатып алу жұмысының баяу жүргізілуі де себеп. Білім басқармасының мамандары мердігерлерді асықтырып жатқанын айтады. Ал құрылысы кеш басталған Тараздағы №28 мектепте 600 бала оқиды. 50 жыл бұрын салынған ескі білім ошағын жаңалау жұмыстары уақытылы аяқталмайтын түрі бар. Сондықтан білім ұясының басшылығы оқушыларды онлайн оқытудың қамына кірісіп кеткен.



«1-сыныпқа баратындар мен 9-11-сынып оқушылары көрші мектепте оқиды. Өйткені бітіруші сыныптар дәстүрлі түрде оқуы керек. Басқа сыныптарды онлайн түрде оқытамыз деп отырмыз. Біз бұл ұсынысымызды Тараз қалалық білім бөліміне жолдадық. Олар қолдап отыр», - дейді №28 мектеп директоры Светлана Гурская. 



Аймақтағы 17 мектептің күрделі жөндеуіне 4,4 млрд теңге бөлінген.


Ал құрылыстың кешігуіне тендер талаптарынан бөлек мердігерге берілетін рұқсат қағаздың кеш берілуі де себеп. Сондай-ақ жұмысшылардың тапшылығы да әсер еткен. Айта кетейік, аймақ бойынша 1 апатты және үш ауысымды 4 мектеп бар.



«Қазіргі таңда құрылыс есебінен бәріне қаржы қарастырылып, жылдары 3 ауысымды мектептердің мәселесін шешеміз деп жоспарлап отырмыз. Ал бір апатты мектеп мәселесі келесі жылы шешеміз деп отырмыз. Өйткені мемлекеттік сараптамаға жобалық сметалық құжаттамасы өткізілді», - дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Динара Жаңабаева. 


.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07