AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа жылдан бастап электр энергиясы қымбаттайды

Жаңа жылдан бастап электр энергиясы қымбаттайды

Әлеумет 08.12.2023, 14:31 1,091
Жаңа жылдан бастап электр энергиясы қымбаттайды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Құжат 22 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.


Энергетика министрлігі электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Осылайша, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап энергия өндіруші компаниялардың 55-тен 31 тобы үшін электр энергиясының шекті тарифтерін арттыру жоспарлануда.


Атап айтқанда, тарифтер:


бірінші топ (Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – кВт/сағ үшін 7,32 теңгеден 8,05 теңгеге дейін;


үшінші топ (Екібастұз ГРЭС-2 станциясы) – кВт/сағ үшін 11,20-дан 11,76 теңгеге дейін;


алтыншы топ (Қарағанды ​​Энергоцентр) – кВт/сағ үшін 12,64 теңгеден 13,65 теңгеге дейін;


18-топ (Степногор ЖЭО) – кВт/сағ үшін 16,40-тан 22,58 теңгеге дейін;


26-топ ("Алматы электр станциялары" ЖЭО-1,2,3, Қапшағай су электр стансасы, Каскад СЭС) – кВт/сағ 14,02-ден 17,82 теңгеге дейін;


33-топ (Шүлбі СЭС-і) – кВт/сағ үшін 3,67 теңгеден 4,14 теңгеге дейін;


41-топ (Таразэнергоцентр) – кВт/сағ 12,15-тен 14,29 теңгеге дейін.


Бұған дейін тізімге еліміздің аймақтары бойынша энергия өндіруші компаниялардың 50 тобы кірсе, жаңа тізімге тағы 5 топ қосылды.


Энергетика министрлігі түсіндіргендей, тарифтерді түзету энергия өндіруші ұйымдардан тәуелсіз шығындардың өсуімен байланысты.



"Сонымен, берілген өтінімдер бойынша жанар-жағармай құнының (көмір, газ) өсуі көлік шығындарын есепке алғанда 9-32%-ға дейін ауытқиды. Бұл ретте жанар-жағармай шығындары жалпы шығындардың шамамен 60%-ын құрайды. Шығын материалдары мен қосалқы бөлшектер құнының әр түрлі тауарлар бойынша 8-53% шегінде өсуі күтіледі. Бағаның өсуі инфляцияның өсуімен де, логистикалық шығындардың өсуімен де байланысты", - делінген негіздемеде.



Сондай-ақ шекті тарифтер жобасында өндіріс қызметкерлерінің жалақысын инфляция деңгейінен кем емес арттыру да ескерілетіні көрсетілген.


Сонымен қатар, тарифтердің көтерілуі жөндеу жұмыстарына қажетті материалдар мен жабдықтардың қымбаттауына, өндіру уақытының ұзақ болуына және жөндеу науқанының белгіленген мерзімдерін орындау үшін көрші елдерден жеткізілуіне байланысты.


Бұған дейін Қазақстанда 2023 жылдың 1 қарашасынан бастап электр энергиясына шекті тарифтер көтерілген болатын. Содан кейін 50 топтың 16 тобында тарифтер өзгеріссіз қалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#электр #тариф #баға #Талқылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);