Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа жылдағы қауіпсіздік: Алматыда өрттер мен жара...

Жаңа жылдағы қауіпсіздік: Алматыда өрттер мен жарақаттардан қалай сақтануға болады

Әлеумет 19.12.2024, 12:57 1,114
Жаңа жылдағы қауіпсіздік: Алматыда өрттер мен жарақаттардан қалай сақтануға болады
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Бүгін Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде жаңа жылдық мереке күндері қарсаңында өрт және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне арналған брифинг өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz
 
Пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану тақырыбына ерекше назар аударылды. Спикерлер ретінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Кәрімжан Рахман Кәрімжанұлы, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Дулат Жандар Елдосұлы, Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Тимур Серікұлы және Жедел медициналық көмек қызметінің медициналық бөлімі директорының орынбасары Андрей Ложкин қатысты.
Алматы ТЖД басшысының орынбасары Кәрімжан Рахман пиротехниканы пайдалану көбінесе өрт пен жарақат алуға себеп болатынын атап өтті.
 
«Жыл сайын Алматыда жаңа жылдық мереке кезінде  орта есеппен 11 өрт оқиғасы орын алады, олардың шамамен 18% - ы пиротехникалық бұйымдармен байланысты. Соңғы бес жылда осындай себеппен 57 өрт тіркелді. Біздің басты міндетіміз — осындай жағдайлардың алдын алу және қала тұрғындарын қорғау», - деп атап өтті Кәрімжан Рахман.
Сонымен қатар, өткен жылы 18 адам, оның ішінде 11 бала пиротехниканы дұрыс пайдаланбау салдарынан алған жарақаттарына байланысты медициналық көмекке жүгінді. Жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин, ата-аналарды мереке кезінде балаларды мұқият бақылауға шақырды.
 
«Біз балаларды отшашулар мен петардаларды ұшыруға жол бермеуді ұсынамыз. Бұл қайғылы оқиғаларды болдырмауға көмектеседі», - деді спикер.
 
ТЖД және полиция өкілдері Алматыда «Пиротехника» операциясы жүргізіліп жатқанын хабарлады. 19 желтоқсандағы жағдай бойынша пиротехникалық өнімдердің 141 қорабы және  бірнеше рет атылатын «VIP Салют» отшашуларының 125-і тәркіленді. Пиротехниканы заңсыз сатудың 22 фактісі анықталды. Тәркіленген өнімнің жалпы салмағы 365 кг құрады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
 
«Қала аумағында 145 мобильді топ жұмыс істейді. Біздің міндетіміз — қауіпті өнімдерді сатудың алдын алу және әсіресе кәмелетке толмағандар арасында жарақат алу қаупін болдырмау», — деді полиция басшысының орынбасары Тимур Серікұлы.
 
Сонымен қатар, ТЖ Департаментімен 72 қалалық шырша мен 17 мұз айдыны тексерілді. Меншік иелеріне өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту бойынша ұсыныстар берілді.
 
Спикерлер пиротехникамен қауіпсіз жұмыс істеудің негізгі ережелерін еске салды:
 
* Өнімдерді тек мамандандырылған дүкендерден сатып алыңыз, қаптаманың тұтастығын және жарамдылық мерзімін тексеріңіз.
* Пиротехниканы жылу мен ылғалдан алыс ұстаңыз.
* Іске қосу кезінде адамдардан, ғимараттардан және ағаштардан 50 метр қашықтықты сақтаңыз.
* Фитильді тұтату  кезінде өнімге еңкеймеңіз.
* 16 жасқа дейінгі балаларды өз бетінше тұтатуларына жол бермеңіз.
 
«Осы қарапайым ережелерді сақтау өрттер мен жарақаттардан аулақ болуға, мерекені қауіпсіз әрі қуанышты етуге көмектеседі», — деп атап өтті Дулат Жандар.
 
Спикерлер брифинг соңында  қайғылы жағдайларды болдырмау үшін Алматы тұрғындарын Жаңа жылды мерекелеуге жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#пиротехника #мереке #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика