конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Жаңа жарыстарда жүздесейік!

Жаңа жарыстарда жүздесейік!

Спорт 10.03.2022, 07:15 1,491 Досбол АТАЖАН
Жаңа жарыстарда  жүздесейік!
Суреттерді түсірген - К.Қонысбаев

«Almaty aqshamy» – «Вечерний Almaty» басылымдары кубогына арналған жарыс өз мәресіне жетті.


«Almaty aqshamy» – «Вечерний Almaty»  ұтысы үшін футболдан ардаргерлер арасындағы жарыс алдыңғы жылдың қараша  айында басталған. 14 команда қатысқан  турнирдің жеңімпазы өткен жексенбі күні  ғана белгілі болды.


Қазақстандық футбол ардагері Нұрлан Атантаев жетекшілік ететін «Медик» командасы чемпион атанды. Оның командасында атақты футболшы әрі жаттықтырушы Вахид Масудов, сондай-ақ, Владимир  Никитенко, Талғат Нұржанов, лига ақсақалдарының бірі Анатолий Тен (ол 72 жаста)  және өзге ойыншылар болды. Шешуші ойында оларға «Қайсар», «Қайрат» және ҚР  Ұлттық құрама сапында ойнаған Марат  Есмұратов жетекшілік ететін «Қаршыға» 
командасы қарсы ойнады. Бір қызығы, аталмыш командалар бұған дейінгі жарыста да  кубокты өзара сарапқа салған болатын (5:3  есебімен «Медик» командасы жеңген). 




Чемпион атану үшін «Қаршыға» командасына тек жеңіс, ал «Медик» ұжымына тек тең нәтиже де жеткілікті еді. Ойында 3:2  есебімен Нұрлан Атантаев командасы басым түсіп, «Медик» биыл да турнир жеңімпазы атанды. Жарыс кестесінде «Сұлтан Қорғанды» 9:0 есебімен жеңген «Арлан»  екінші орынға, ал жеңілістен кейін «Қаршыға» үшінші орынға жайғасты.
Жеңімпаздарды «Alataý Аqparat» ЖШС  бас директоры Төлеміс Күлмұхамедов марапаттап, кубокты табыстады. 
«Сіздер спорт пен салауатты өмір салтының нағыз насихаттаушысысыздар. Сіздердің ойындарыңызға қарап, футбол алаңына жастар үйіріліп, балалар мен  немерелеріңіз келуде. Бұл бастама ардаргерлер арасындағы жаңа жарыстардың  ашылуына себепші болатынына сенеміз. Біз  өз тарапымыздан мұндай игі шараларды әрдайым қолдап тұрамыз. Бұл біздің соңғы кездесуіміз болмауын тілеймін», – деп Төлеміс Бақтыбайұлы мұндай жарыстардың 
маңыздылығын атап өтті.




Сонымен қатар, футболға деген сүйіспеншілігі үшін редакция атынан сыйлықтар  берілді. Марапатты Нұрлан Атантаев («Медик»), Азат Нілдібаев және Кәрім Оспанов  (екеуі де «Ақпарат»), Қайнар Сейілов, Смайылхан Тәкенов («Сұлтан-Қорған»), Жаманбай Қуанышев («Ардагер»), Анатолий  Тен («Медик»), Ғалым Ермаханов және  Тұрсын Құсайынов (екеуі де «Ақпарат»)  иеленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ардаер #футбол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері 14 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды

Бүгін 17:23

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

Бүгін 17:21

Дрон құрастыратын қыз: Құрлық әскерлері әскери институтының әскери қызметшісі болашақ технологияларын меңгеруде

Бүгін 16:38

Алматы әкімдігі Самал-3 шағынауданындағы саябақ құрылысына қатысты тұрғындардың өтінішіне пікір білдірді

Бүгін 16:35

Балалар телефонын тастап, бар уақытын демалысқа арнап жатыр

Бүгін 15:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);