AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жамбылдан Алматыға ірі көлемде есірткі тасымалдаға...

Жамбылдан Алматыға ірі көлемде есірткі тасымалдаған топ ұсталды

Заң мен тəртіп 07.12.2021, 08:16 1,146
Жамбылдан Алматыға ірі көлемде есірткі тасымалдаған топ ұсталды
Сурет: Inform.kz

Үй ауласынан есірткі өсіретін жылыжай анықталды


Полицейлер Жамбыл облысынан Алматыға есірткі тасымалдағандарды ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Полиция қызметкерлері арнайы іс-шараның нәтижесінде Жамбыл облысынан Алматыға есірткі тасымалдайтын арнаны жапты.



«Шілде айында 32 жастағы Г.есімді азамат каннабиноидты тобындағы есірткімен ұсталды. Рұқсат етілген арнайы іс-шаралар барысында ұсталған адам 56 жастағы З.есімді азаматтан есірткіні қайта сату үшін сатып алғаны анықталды.Тергеу барысында белгілі болғандай, ірі көлемдегі марихуана есірткісін Жамбыл облысынан әкеліп отырған», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.



Күдіктінің көлігін полицейлер қалаға кіреберісте бөгеп тастаған. Жеке тінту барысында «марихуана» және «шишка» тұқымы табылып, тәркіленді.



«Есірткі жеткізушілерді жою бойынша арнайы іс-шара Жамбыл облысында өтті. Басып алу тобы пайда болған кезде үй иелері есіктерін құлыптап, заттай айғақты дәретханаға ағызып, жоюға әрекеттенген. Бірақ оларынан түк шықпады. Рұқсат етілген тінту кезінде жасырылған марихуана тұқымы, ұнтақ түріндегі есірткі заты бар капсулалар және 160 дана тегіс ұңғылы шолақ мылтығының оқтары, 60 қолдан жасалған патрон, бірнеше қолдан жасалған аңшылық пышақ табылды және тәркіленді. Сондай-ақ, ерекше иісі бар металл ыдыстары да тәркіленді. Үйдің ауласынан 18 гүл құмырасымен есірткі өсірілетін жылыжай анықталды», – деді полиция өкілі.



Есірткі затын сату мақсатында аса ірі көлемде сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #тасымал #жылыжай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Кеше 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Кеше 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Кеше 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Кеше 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Кеше 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика