AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жалған терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік қанш...

Жалған терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік қанша жастан басталады?

Заң мен тəртіп 17.06.2025, 10:03 610 dulatbekova
Жалған терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік қанша жастан басталады?
Сурет: Gov.kz

Орын алған немесе дайындалып жатқан терроризм актісі жөнінде белгілі болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабар беру – әрбіріміздің азаматтық міндетіміз болса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес ол жөнінде жалған хабар беру – қылмыс, заңмен жазаланады.

Терроризм актісінің орын алғаны немесе дайындалып жатқаны туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына уақытылы хабарлау – әр азаматтың міндеті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алайда, осындай оқиға туралы жалған мәлімет беру – заң бұзушылық болып табылады және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Соңғы жылдары елімізде көпшілік жиналатын орындарда, атап айтқанда, әуежайлар, теміржол вокзалдары, сауда орталықтары және басқа да әлеуметтік нысандарда жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы жалған хабарламалар азая бастаған.

 Жалған ақпарат берушілердің ең үлкен қателігі – өздерін ешкім таба алмайды деп ойлауы. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарында қоңырау шалушының орналасқан жерін тез анықтап, оны жауапқа тартуға барлық техникалық мүмкіндіктер бар.

 Жарылғыш құрылғы туралы хабар түскен кезде жедел қызметтер дереу қауіпсіздік шараларын қабылдап, іздестіру операцияларын жүргізеді.

 Телефон терроризмінің себептері әртүрлі: әдейі бұзақылықтан бастап жауапсыз әзілдерге дейін. Мысалы, әуежайларда кейбір жолаушылар тексеру кезінде "жүк ішінде не бар?" деген сұраққа "бомба" немесе "граната" деп қалжыңдап жатады. Бірақ бұл "әзілдің" салдары қаншалықты ауыр болатынын олар түсінбейді.

Осындай бір ғана "әзіл" көп күш пен ресурсты жұмылдыруға, адамдарды эвакуациялауға, рейстердің тоқтатылуына немесе кешіктірілуіне алып келеді. Мұндай жағдайлардың көпшілігінде бұл қылмыстар мас күйде жасалады, және олардың салдары туралы ойланбайды. Сот кезінде кінәлілер өз әрекеттеріне өкінетінін айтуда.

ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша терроризм актісі туралы жалған хабарлау үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, түзету жұмыстары, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қарастырылған. Сонымен қатар, жалған террористер оқиға орнына жедел қызметтердің шығындарын толығымен өтеуге міндетті.

ҚР ІІМ мәліметі бойынша, соңғы 5 жылда жалған терроризмге қатысы бар деген күдікпен 290 адам ұсталып, оның 258-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

2023 жылы Алматы әуежайында "миналанған" деген жалған хабар түсіп, кейіннен бұл қоңыраудың 14 жастағы бала тарапынан жасалғаны анықталды. Жасөспірімнің жауапсыз әрекеті үшін оның ата-анасы жауапқа тартылды.

Айта кету керек, жалған терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жалған терроризм #қылмыстық жауапкершілік #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту

Бүгін 19:27

Педагогтердің біліктілігін жүйелі арттыру және жасанды интеллект құзыреттерін дамыту

Бүгін 19:25

Жасанды интеллект педагогті қолдайтын құралы ретінде

Бүгін 19:21

Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың бірыңғай стандарттарын енгізу

Бүгін 19:19

Шағын жинақты ауыл мектептеріне ерекше назар

Бүгін 19:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);