AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жалған діни ақпараттан сақтану баршаға міндет

Жалған діни ақпараттан сақтану баршаға міндет

Әлеумет 28.04.2025, 11:30 549 dulatbekova
Жалған діни ақпараттан сақтану баршаға міндет
Сурет: Gov.kz

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен және “Жәрдем-Атырау” корпоративтік қорының ұйымдастыруымен З.Қабдолов атындағы №40 орта мектепте “Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу” атты ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Қатысқандар саны - 80.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, қоғамда радикалды идеологиялардың таралуының алдын алу және мемлекеттік-конфессиялық саясатты түсіндіру.

Кездесуге Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мусаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Сейфуллин, сондай-ақ комитеттің бас сарапшысы Мейірман Келесов қатысты. Сонымен қатар, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері – “Жәрдем-Атырау” КҚ директорының орынбасары Мейірбек Құбышев, “Шапағат” ҚҚ теолог маманы Жасұлан Бағытжанов, “Ақпараттық-талдау орталығы” КММ-нің маманы Исатай Ғизатов және Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Олжас Сдыхов қатысты.

Кездесу барысында мамандар деструктивті діни ағымдардың белгілері, интернеттегі жалған діни насихаттан сақтану жолдары және зайырлы қоғамның құндылықтары туралы жан-жақты мағлұмат берді. Оқушылар мен мұғалімдер көкейде жүрген сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты әрі түсінікті жауаптар алды.

Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мусаев өз сөзінде діни сауаттылықтың маңыздылығына ерекше тоқталып, жастардың адасушылықтан сақтануында мұндай кездесулердің рөлі зор екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жалған діни ақпарат #сақтану #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);