AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Жалған ақшаны қалай ажыратамыз?

Жалған ақшаны қалай ажыратамыз?

Керек кеңес 16.08.2022, 11:28 1,651
Жалған ақшаны қалай ажыратамыз?
Сурет: Оркен-Media

Банкноттарда бедер тудыратын арнайы мөр бар.


Ұлттық банк өкілі банкноттың түсі анық және контрастылы болуы тиіс, су таңбасы мен номиналдың цифрлық бейнесін көру үшін банкнотты жарыққа бағыттап көру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Оның айтуынша,жалған ақша жасаушылар 2000, 5000 және 10 000 теңгелік номиналдарды көп жасайды.




«2022 жылдың І жартыжылдығында Қазақстан Ұлттық банкі мен екінші деңгейлі банктер 408 150 теңгенің қолдан жасалған 139 ақша белгісін (136 банкнот пен 3 монета) анықтады. Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 41 пайызға аз көрсеткіш (340 жалған ақша белгісі). Жалған банкноттардың көп  бөлігі Алматыда - 68 дана (жалпы көлемнің 51 пайызы), Нұр-Сұлтан қаласында - 16 дана және Шығыс Қазақстан облысында 29 дана анықталды», - делінген хабарламада.



Қазақстан Ұлттық банкінің өкілі түпнұсқа банкноттарды қолдан жасалған ақшадан ажыратуға көмектесетін қарапайым қағидалардың бар екенін еске салды. Банкноттарда бедер тудыратын арнайы мөр бар.



«Сол сияқты барлық банкноттарда көру қабілеті нашар адамдарға арналған, қолмен ұстағанда жақсы білінетін дөңес тәрізді жоғары бедерлі элемент түріндегі белгілер бар. Банкноттың түсі анық және контрастылы болуға тиіс, су таңбасы мен номиналдың цифрлық бейнесін көру үшін банкнотты жарыққа бағыттап көру қажет», - деп толықтырды.




Банкнот бетіндегі жазулары бар тұтас жіп тәріздес, жарықта анық көрінетін жазулар бар үзік сызық түріндегі тұтас магниттік және сүңгуір жіпке де назар аударған жөн.



«Номиналы 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 және 20 000 теңгелік банкноттарда түрлі-түсті бояумен салынған сурет түріндегі бейнелер бар. Банкноттың көлбеу бұрышы өзгерген кезде бейнелердің түсі жасылдан алтын түске дейін өзгереді», - деді Ұлттық банк өкілі.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#банкнот #құб #жалған
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Бүгін 12:34

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 11:29

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Кеше 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Кеше 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Кеше 16:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);