конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаһандық жылынудың тағы бір салдары белгілі болды

Жаһандық жылынудың тағы бір салдары белгілі болды

Әлеумет 03.09.2024, 09:24 2,866 dulatbekova
Жаһандық жылынудың тағы бір салдары белгілі болды
Cурет: Islam.kz

Қытай ғалымдары мен Ұлыбританияның Мет-офис (Метеобюро) мамандары жаһандық жылынудың жаңа салдарын анықтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл жайында islam.kz порталы Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған дерек көзінде жарияланған зерттеу нәтижесіне сәйкес адам тудыратын (адамзаттың әсерімен, соның ішінде, өнеркәсіп, көлік, мал шаруашылығы, қазбалы отын өндірісі, т.б.) атмосфераға бөлінетін парникті газдар жер шарының 75 пайызында жауын-шашынның өзгермелілігін, яғни, құбылмалығын арттырған.

Жауын-шашынның өзгермелілігі жаңбырдың уақыты мен мөлшері бойынша біркелкі бөлінбеуімен, дәлірегі, жаумауымен сипатталады: салдары құрғақшылыққа, жауын-шашынның төтенше оқиғаларына және су тасқынына әкеледі. Жауын-шашынның құбылмалылығы климат дағдарысын одан ары тереңдетеді. Бір тәулікте жауын-шашынның өзгеру жиілігі бүкіл әлемде соңғы он жылда 1,2 пайызға өскен; бұл тенденция 1950 жылдан кейін айқынырақ сипат алған екен. Бұл құбылыс кейбір жерлерде жылдық жауын-шашынның қысқа мерзімде жауатынын және құрғақшылық ұзаққа созылған аймақтарда керісінше қалың нөсердің жаууынан көрініс табады.

 1900 жылдардан бастап жауын-шашынның өзгермелілігі Еуропада, Австралияда және Солтүстік Американың шығысында анық байқалыпп отыр. Жауын-шашынның өзгермелілігінің артуы негізінен ауа температурасы мен ылғалдылықтың жоғарылауына, сондай-ақ, жауын-шашынның қарқынды болуына әкелген парникті газдардың атмосфераға бөліну мөлшеріне байланысты. Өнеркәсіптік төңкерістен бері жер Целсия бойынша 1,5 градус жылынды; ал бұл жайт атмосфераның төменгі қабатындағы су буының мөлшерінің 10 пайызға артуына ықпал еткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қытай ғалымдары #Ұлыбритания ғалымдары #ауа райы #жылыну салдары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ясауи мұрасына арналған қос кітап 4 тілде жарық көрді

Бүгін 12:04

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Бүгін 10:35

Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады

Бүгін 09:05

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік науқан өтті

Кеше 17:38

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Кеше 15:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);