Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ЮНЕСКО-да Наурыз мейрамының құндылықтары туралы ай...

ЮНЕСКО-да Наурыз мейрамының құндылықтары туралы айтылды

Әлеумет 21.03.2022, 12:00 1,615
ЮНЕСКО-да Наурыз мейрамының құндылықтары туралы айтылды
Cурет: Caravan.kz

Наурыз мейрамын сақтауда ЮНЕСКО үлесі қандай


Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2010 жылы қабылдаған 64/253 қарарына сәйкес, жыл сайын 21 наурызда бүкіл әлем Халықаралық Наурыз күнін атап өтеді. Ал ЮНЕСКО-да Наурызды мерекелеу дәстүрі Ауғанстан, Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Үндістанның ортақ ұсынысымен Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді. Осы орайда халықаралық ұйымның қызметіне қатысты егжей-тегжейлі Алматыдағы ЮНЕСКО бюросы директорының ассистенті Гаухар Балғарина айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Наурыз мейрамын сақтауда ЮНЕСКО үлесі қандай Г. Балғаринаның айтуынша, ЮНЕСКО мен елдердің негізгі мақсаты – болашақ ұрпақ үшін мұраны сақтап қалу. Бұл тұрғыда ежелден ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан білімді, дәстүрлі технологияны сақтауға ерекше мән беріліп отыр.



«Мұраны сақтап қалу жергілікті жерлерде бұрыннан дәстүрді, білімді ұстанып келе жатқандарды қолдау арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, бұл жұмыстар сарапшылар мен шеберлерді, мектептерде мұғалімдерді оқыту аясында және мектеп пәндері мен тақырыптары арқылы материалдық емес мәдени мұра элементтерін насихаттау жолымен іске асырылады. Мұнымен қоса, атамұраны дәріптеу туристік гидтерді оқыту арқылы да жүргізіледі. Кез келген тарихи көрнекті жерлер адамдармен, халықпен байланысты, осы ретте дәстүр, ғұрып және мейрамды тойлау өзара байланысты», - деді ол.



Соңғы бес жылда ЮНЕСКО Орталық Азия елдерінен ұлттық сарапшылар үшін оқыту тренингтерін өткізді. Тренингтермен, зерттеулермен, элементтерді түгендеумен айналысатын білікті сарапшылар бар. Білім беру, ғылым мен мәдениет мәселелері бойынша БҰҰ мекемесі әріптестермен бірлесе Қазақстан мен Қырғызстандағы кейбір пилотты мектердегі мұғалімдерге тренинг жүргізді. Мұғалімдерге мектеп бағдарламасында мәдени мұра тақырыптарын интеграциялау мүмкіндіктері түсіндірілді. «Бізде оқытылған гидтердің тобы бар. Олар дүнижүзілік мұра тізіміне енген мәдениет және тарих ескерткіштері, мәдени әрі табиғи мұра нысандары жайында, сондай-ақ біздің елдердегі материалдық емес мәдени құндылықтар туралы ақпаратты кеңінен таратады», - деді Г. Балғарина. Әлем елдерінде Наурыздың танымалдығы Гаухар Балғаринаның сөзіне қарағанда, Наурызды атап өту – ол көпұлтты номинация және оны 12 ел қолдады. Олардың қатарында Ауғанстан, Әзербайжан, Үндістан, Иран, Ирак, Пәкістан, Түркия және Орталық Азия мемлекеттері бар. Сонымен қатар 21 наурыз – ол БҰҰ-ның мерекелер күнтізбесіне енгізілген мейрам. «Наурыз Еуропа мен Азияның көптеген елінде танымал, себебі бұл көктемнің, жаңарудың, жаңа мүмкіндіктердің, жоспарлар мен позитивті эмоцияның мейрамы. Бұл мейрам елдегі ұлтты бірігуге, ал көршілес мемлекеттерді бейбітшілікке шақырады», - деді сарапшы. Г. Балғарина Наурызды тойлау кезінде Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілген қазақтың басқа да дәстүрлерін байқауға болатынын еске салды. Әлемдік қоғамдастық үшін Наурыздың құндылығы ЮНЕСКО мамандарының атап өтуінше, бұл мейрамның тереңде жатқан тарихи әрі мәдени құндылығы бар. Ғасырлар өтіп, адамзат түрлі соғыстар мен қуғын-сүргінді бастан өткерсе де, осы мереке қазіргі кезге дейін жетіп, бастапқыдағы құндылығы мен маңызын сақтап қалды. Наурызды атап өтумен көптеген ғұрыптар, дәстүрлі ойындар және рәсімдер тығыз байланысты.



«Қазіргі кезде Наурыз мейрамындағы дәстүрлер мен ғұрыптар барша адамзат үшін құнды болып отыр. Бұл өз кезегінде көптеген халықтар мен елдердің игілігі саналады, жақсылық пен бейбітшілікті өзіне тартатын сипатқа ие. Бұл мейрам адамдарды географиялық орналасқан жеріне, діни сеніміне, нәсілі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан маңызды екенін көрсетіп тұр. Сондықтан отбасы мүшелері мен елдіңхалқын біріктіретін және мемлекеттерді бейбітшілікке шақыратын фактор ретінде керек», - деді Гаухар Балғарина.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз #ЮНЕСКО #Қазақтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігі: Ұлықбек көшесін ұзарту жобасы 2014 жылдан бері Бас жоспарға енгізілген

Бүгін 16:06

Аштықты да, соғысты да көрген ғұмыр: ҰОС ардагері Зұлқарнай Сейітовтің өмір жолы

Бүгін 15:59

Алматының Наурызбай ауданында батыс кәріз коллекторының құрылысы басталды

Бүгін 15:33

Алматыдағы еңбек инспекторларына 3 мыңдай шағым түскен

Бүгін 15:26

Алматыдағы жасөспірімдер колониясында кітапқұмарлар көп

Бүгін 15:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика