Павлодарлық баскетболшы қыздар еліміздің үздік төрттігіне енді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Ойындар өте тартысты өтті. Павлодарда өткен алғашқы екі ойында алаң иелері басым түсіп, серияда алға шықты. Алайда үшінші матчта Ақтауда «Каспий» қайсарлық танытып, 86:81 есебімен жеңіске жетіп, сериядағы интриганы қайта жандандырды.
Соған қарамастан, шешуші төртінші ойында павлодарлықтар қарсыластарына мүмкіндік берген жоқ. «Ertis» ойын тізгінін толық өз бақылауына алып, 70:54 есебімен сенімді жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті.
Кездесудің үздік ойыншысы Ділназ Еркебай болды — ол 23 ұпай жинады.
Енді «Ertis» жартылай финалда Көкшетаудың «Окжетпес» командасымен кездеседі.