AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қызылордада республикалық веложарыс өтті

Қызылордада республикалық веложарыс өтті

Спорт 20.04.2026, 18:18 253 yakiya
Қызылордада республикалық веложарыс өтті
Kyzylorda-news.kz

Жарысқа еліміздің жеті өңірінен — Алматы облысы, Жетісу облысы, Қарағанды облысы, Астана қаласы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Қызылорда облысынан жалпы саны 60 спортшы қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қызылордада Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген жаттықтырушы Ли Валентин Захарович пен КСРО спорт шебері Бадретдинов Раис Салиховичті еске алуға арналған 15–16 жас аралығындағы жасөспірім қыздар арасында тас жолдан республикалық веложарыс өтті.

Жарыстың алғашқы күні қатысушылар 8 шақырымдық пролог бағдарламасында сынға түссе, екінші күні 54 шақырымдық топтық жарыста бақ сынады.

Сайыстың жабылау салтанатына «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай қатысып, жарыс жеңімпаздарын марапаттады. Ол жеңімпаздарды құттықтап, партияның бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

«Бүгінде «AMANAT» партиясы елімізде салаvатты өмір салтын қалыптастыруға, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Өңірлерде спорт инфрақұрылымын жаңғырту, ауылдық жерлерде спорт нысандарын көбейту, жастардың спортпен жүйелі айналысуына жағдай жасау — біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Осындай жарыстар жас спортшыларға үлкен мүмкіндік беріп, олардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына жол ашады, — деді ол.

Айта кетейік, Ли Валентин Захарович 1973 жылдан бастап Қызылорда облысында еңбек етіп, өңірде велоспорттың дамуына зор үлес қосқан. Ал Раис Бадретдинов — облыстағы алғашқы спорт шеберлерінің бірі, ұзақ жылдар бойы жас спортшыларды тәрбиелеумен айналысқан тәжірибелі маман.

Жарыстың маңызы ерекше. Мұндай республикалық деңгейдегі додалар жасөспірімдер арасында салаvатты өмір салтын насихаттауға, спортқа қызығушылықты арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл — жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе мектебі. Олар өзара бәсекелестік арқылы шеберліктерін шыңдап, өз күшіне деген сенімін арттырады.

Осындай айтулы жарыс жас таланттарды анықтап, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге берік негіз қалайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Велоспорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Домбыраға тіл тигізген ақтөбелік сотталды

Бүгін 18:27

Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған орындықтар аллеясы ашылды

Бүгін 18:16

Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль ұсынды

Бүгін 17:04

Алматы Оқушылар сарайының жас өнерпаздары «Бозторғай» гала-концертінде өз өнерлерін паш етті

Бүгін 17:02

5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі.

Бүгін 16:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);