AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ішкі істер министрі «Адам саудасына қарсы іс-қимыл...

Ішкі істер министрі «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын таныстырды

Заң мен тəртіп 20.03.2024, 08:50 1,166
Ішкі істер министрі «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын таныстырды
Сурет: Polisia.kz

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Мәжілістің жалпы отырысында заң жобасын таныстырды. 


Заң жобасы 6 тараудан және 22 баптан тұрады. Сонымен қатар онда “адам саудасының құрбаны”, “адам саудасының ықтимал құрбаны”, “осал жағдай”, “адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілері” мен басқа жаңа ұғымдар қарастырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


– Жоба ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған, – деп атап өтті полиция ведомствосының басшысы өз баяндамасында.


Заң жобасында 4 негізгі бағыт бар. Олар: Серіктестік Профилактика Қудалау Көмек көрсету Жобада адам саудасы құрбандарының барлық құқықтары және олармен жұмыс істеу алгоритмі көзделген.


Заң жобасының тағы бір ерекшелігі – “тәуекел топтармен” жұмыс, яғни ықтимал құрбандарға көмек көрсету. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесіне жеке тарау арналған.


Министрдің айтуынша, бұдан басқа да толықтырулар мен өзгерістер ұсынылуда:


Қылмыстық кодекске: –   


“адам саудасымен байланысты қылмыстар” ұғымы енгізіледі;


–   жасау тәсілдері бойынша “адамды қанау” ұғымы кеңейтіледі;


–   “Притон ұстау және жеңгетайлықты” “интернет желісі арқылы” жасау деген жаңа саралау белгісі көзделеді.


Қылмыстық-процестік кодексте жәбірленушінің әлеуметтік арнаулы қызметтер алуға құқығы көзделді. “Неке және отбасы туралы” кодексте лауазымды адамдарға балалар қалдырылған жағдайда, олар бұл туралы прокуратураға хабарлау міндеті бекітілді. “Жәбірленішулерге өтемақы қоры туралы” заңға қосымша үш қылмыс түрі, яғни қанау мақсатында ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыру және жезөкшелікпен айналысуға тарту қылмыстары бойынша құрбандарға өтемақы төлеу мүмкіндігі енгізілді. “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекске балаларды өздеріне қалдырғаны туралы хабарламағаны үшін  медициналық ұйымдардың, приюттердің, балалар үйінің қызметкерлеріне қатысты жауапкершілік көзделіп жатыр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ІІМ #Мәжіліс #Заң жобасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);