2025 жылғы 9 желтоқсанда ИСЕСКО-ның бас директоры Салим бин Мұхаммед әл-Малик Түркі мәдениеті және мұрасы қорының штаб-пәтеріне келіп, ұйымның президенті Ақтоты Райымқұловамен кездесті.
Сапар барысында ИСЕСКО делегациясына Қордың мәдени мұраны зерттеу, сақтау және ілгерілету бағытында жүзеге асырып жатқан жобалары ұсынылды. Ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және институционалдық серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.

Кездесу аясында тараптар 2026 жылға арналған жоспарларымен алмасып, өзара қызығушылық тудыратын бағыттарды және ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын талқылады.
Кездесудің маңызды бөлігі – Түркі Мәдениеті және Мұрасы Қоры мен ИСЕСКО арасындағы Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды. Бұл құжат тараптар арасындағы тарихи серіктестіктің жаңа кезеңін ашады.
Меморандумға Қор президенті Ақтоты Райымқұлова мен ИСЕСКО бас директоры Салим бин Мұхаммед әл-Малик қол қойды.
Құжат түркі-ислам мәдени мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілетуді, мәдени мұра объектілерін зерттеу, цифрландыру және сақтауда жаңа ғылыми тәсілдерді енгізуді, сондай-ақ мамандар арасындағы тәжірибе алмасуды күшейтуді көздейді.

Бұл маңызды құжат мәдени мұраны сақтау саласындағы жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағаланып, тараптар арасындағы тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Кездесу соңында ИСЕСКО бас директоры Салим бин Мұхаммед әл-Малик Қордың Құрметті қонақтар кітабына ізгі лебіздерін қалдырды.
Кездесуге ИСЕСКО делегациясының басқа да мүшелері қатысты: ИСЕСКО-ның серіктестік және халықаралық ынтымақтастық секторының жетекшісі Анар Кәрімов, ИСЕСКО-ның Баку өңірлік кеңсесінің директоры Абдулхаким әл-Сенан, Баку өңірлік кеңсесі директорының орынбасары Мариям Гафарзаде, Әзербайжан Республикасының ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының хатшысы Алекпер Хыдыров.

Бүгінгі өткен жоғары деңгейдегі кездесу Қор мен ИСЕСКО арасындағы халықаралық мәдени мұраны қорғау және дамыту саласындағы ынтымақтастықтың одан әрі тереңдеуіне жаңа серпін берді.
Сапар аясында мәдени бағдарлама ұсынылды.