AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Иракта ереуілшілер Президент сарайына басып кірді

Иракта ереуілшілер Президент сарайына басып кірді

Әлем 30.08.2022, 07:00 1,466
Иракта ереуілшілер Президент сарайына басып кірді
Сурет: Inform.kz

Шейіт имам Муктада ас-Садр Ирактың ең ықпалды саясаткерлерінің бірі. Оның елде миллиондаған қолдаушылары бар. Имам саясаттан кететінін мәлімдегеннен кейін оның жүздеген қолдаушылары Бағдаттың шетелдік миссия өкілдері отыратын «Жасыл дәлізіне», артынан Президент сарайына басып кірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Күштік құрылымдар атыс қаруы мен көзден жас шығаратын газ қолданды, қалаға әскер кіргізіліп, коменданттық сағат енгізілді.


Қақтығыстың салдарынан кемінде 15 адам өліп, 200-ден астамы жарақат алды.


Түркиялық Анадолы агенттігінің хабарлауынша, Садрдың жақтаушылары үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Осыдан екі күн бұрын Садр АҚШ елге басып кірген 2013 жылдан кейін саясатқа араласқандардың барлығының (Садрдың өзінің блогын қоса алғанда) лауазымдарынан кетуін талап етті.


Ирактың INA агенттігінің хабарлауынша, тәртіпсіздіктер басталғаннан кейін Муктада ас-Садр күш көрсету әрекеттері тоқтағанға дейін аштық жариялады. Алайда имамның кеңсесі мұны растамады.


Ирактың Премьер-Министрі Мустафа аль-Казыми Біріккен жедел әскери қолбасшылық өкілдерімен кезектен тыс кеңес өткізіп, ереуілшілердің өлімі бойынша тергеу жүргізуді тапсырды. Өйткені қаруланған сарбаздарға көпшілікке оқ атуға тыйым салынған еді.


Кувейттің Ирактағы елшілігі өз азаматтарын елден кетуге, ал Иракқа енді барғалы жатқан азаматтарға бір-бірімен бәсекелес шейттік топтардың тәртіпсіздіктеріне байланысты сапарды кейінге шегере тұруға шақырды.


Осыған дейін, яғни дүйсенбі күні Бағдат көшелерінде садристер «Үйлестіру құрылымы» деген атаумен белгілі ирандықтарға жақын шейіт топтарымен атысқан болатын.


Иракты қолдау жөніндегі БҰҰ миссиясы (UNAMI) болған жағдайды өте қауіпті шиеленіс деп атап, барлық тараптарды жағдайдың бақылаудан шығуына апаратын әрекеттерден аулақ болуға шақырды.



«Қазір Ирактың мемлекет ретіндегі өміріне қауіп төніп тұр», деп ескертті миссия өкілдері.



АҚШ өкілдері сонымен қатар Бағдаттағы тәртіпсіздіктер туралы хабарларға қарамастан халықты тыныштыққа шақырды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ирак #Ереуіл #Шабуыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

96 алматылық бір күнде АИТВ-ға жедел тест тапсырды

Бүгін 14:03

Тау кластеріне қатысты бірнеше экологиялық миф жоққа шығарылды

Бүгін 12:27

Алматы тау кластері кәсіпкерлікке жаңа серпін береді

Бүгін 12:26

Алматыда өткен қоғамдық тыңдауда жастар плакаттармен Almaty Superski жобасын қолдады

Бүгін 12:19

Алматы орталығында дүкенге заңсыз салынған қосымша құрылыс сүрілді

Бүгін 11:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);