AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Ирада Аюпова: Қазақстан мен Татарстан – түркі халы...

Ирада Аюпова: Қазақстан мен Татарстан – түркі халықтарының өркениеттік синтезінің үлгісі

Әлем Бүгін 17:08 25 yakiya
Ирада Аюпова: Қазақстан мен Татарстан – түркі халықтарының өркениеттік синтезінің үлгісі
Ақорда

Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында «Алтын Орда – дала өркениетінің моделі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты Халықаралық симпозиум өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ол ғылым және сарапшылық қауымдастық өкілдерін, түркі халықтарының тарихын зерттеушілерді, сондай-ақ ғылым мен мәдениет саласындағы халықаралық серіктестерді біріктірді.

Пленарлық отырыстар мен тақырыптық пікірталастар барысында қатысушылар Алтын Орданың тарихи мұрасы, оның мемлекеттіліктің дамуына, дипломатиялық қатынастарға, мәдени алмасуға және ортақ еуразиялық кеңістіктің қалыптасуына тигізген ықпалы мәселелерін қарастырды. Ерекше назар Ұлы дала халықтарының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға аударылды.

Татарстан Республикасы Мәдениет министрі Ирада Аюпова Қазақстан мен Татарстан арасындағы жоғары деңгейдегі ынтымақтастықты атап өтіп, түркі халықтарының тарихи ортақтығы мен көпғасырлық байланыстарын ерекше атап көрсетті.

«Ынтымақтастықтың жоғары деңгейі қалыптасқан Қазақстан мен Татарстан – түркі халықтарының тағдырларының көпғасырлық тоғысуына негізделген өркениеттік синтездің бірегей үлгісі. Мұның көп бөлігі Шығыс пен Батысты байланыстырған негізгі тарихи торап қызметін атқарған Алтын Орда мұрасымен байланысты. Орда кең аумақтарды біріктірген тұрақты саяси жүйе қалыптастырды – онда орталықтандырылған басқару аймақтардың кең ауқымды автономиясымен ұштасқан», – деп атап өтті ол.

Симпозиумға қатысушылар Алтын Орда мұрасын зерттеудің қазіргі гуманитарлық ғылымдарды дамыту, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту және ортақ мәдени-тарихи құндылықтарды халықаралық деңгейде ілгерілету үшін маңызды екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өркениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет шамы сөнбесін

Бүгін 17:36

Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды

Бүгін 17:23

Элунду Лазар: Алтын Орда – мәдениетаралық диалог пен мәдени әртүрліліктің тарихи үлгісі

Бүгін 17:12

Мемлекет басшысы Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмемен танысты

Бүгін 16:02

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумда сөйлеген сөзі

Бүгін 15:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);