ffin.kz

«IQ Алматы» бағдарламасы жасалып жатыр

«IQ Алматы» бағдарламасы жасалып жатыр Сурет: Almaty.tv

Бағдарлама 10 қыркүйекте эфирге шығады


Алматының білімді оқушылары бақ сынайтын «IQ Алматы» интелектуалды шоуы көрерменге қайта жол тартады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Бағдарламаның мақсаты – мектеп түлектеріне жаңа өмір белесіне қадам жасауға мүмкіндік беру. Жобаға Алматы қаласындағы 11-сынып мектеп оқушылары іріктелініп алынады. Әр кезеңде үзіктерді анықтап отыратын жоба 5 кезеңнен тұрады.  



«Бұл жоба заманға сай қажетті әрі пайдалы жоба. Әдеттегі ойын-сауық жобаларына ұқсамайды. Ұрпақты дамытуға қосатын үлесі көп. Жастар ол – ұлттың авангарды десек болады.  2020 жылдан бері білімге көп көңіл бөлініп жатыр. Әлем бойынша білімді адамдардың тасы өрге домалап жатыр. Сол сияқты қазақ елінде де білім саласын дамыту, жаңалық ашуға талпынып жатқанымыз сөзсіз. Осы тұрғыдан алғанда «IQ Алматы» бағдарламасы жастарға үлкен өмірге қадам жасауға мүмкіндік береді», – деді шеф-редактор Баян Бақкелді.



Ал 16 жасында осындай бағдарламаға қатысқан жоба жүргізушісінің айтуынша, интелектуалды сайыс ұрпақ тәрбиесіне, білім сапасының артуына зор ықпал етеді.



«2009 жылы қатысқам. 16 жаста едім. Жоба керек. Елімізді дамытуға, жастарды дұрыс жолға салуға, бағыт беруде өз рейтингісін көрсетеді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар – білімді жастар қатысады. Осындай зияткерлік бағдарламаның көбейгені қуантады. Ал оны жүргізу мен үшін жауапкершілік әрі мәртебе», – деді бағдарлама жүргізушісі Дәулет Мұқаев.



Бес кезеңнен іріктеліп алынған 2 оқушы ЖОО-да оқуға мүмкіндік алады. Жобаның тиімділігі  сол  – ЖОО білімді студентті қабылдаса, түлектер тегін оқу арқылы жарқын болашағына жолдама алады. Сондай-ақ бағдарлама барысында қала мектептерінің деңгейін де анықтауға болады. Ал мектеп бағдарламасындағы сұрақтарды қою арқылы көрерменді де қызықтырады. Бастауыш не орта буын оқушыларын сабақты жақсы оқуға ынталандырады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55