AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Инвесторлар Алматыға 2,3 трлн теңге құйды

Инвесторлар Алматыға 2,3 трлн теңге құйды

Экономика Бүгін 10:07 40 yakiya
Инвесторлар Алматыға 2,3 трлн теңге құйды

2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 2,3 трлн теңгеге жетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ал тікелей шетелдік инвестиция көлемі 8,5 млрд АҚШ доллары болды.

Шетелдік инвестицияның негізгі бөлігі көтерме және бөлшек сауда саласына, соның ішінде автомобиль мен мотоциклді жөндеуге бағытталды. Атап айтсақ, бұл 4 млрд АҚШ доллары немесе жалпы көлемнің 47%-ы.

Қаржы және сақтандыру қызметі — 1,3 млрд АҚШ доллары (15,5%), ақпарат және байланыс саласы — 1,2 млрд АҚШ доллары (14%), сондай-ақ көлік және қойма саласы — 646 млн АҚШ доллары (7,5%) көлемінде болды.

Қалаға шетелдік инвестициялар негізінен Ресей, Нидерланд, Оңтүстік Корея, Бельгия және Қытай серіктестері есебінен қамтамасыз етіледі.

2026 жылы да қаладағы инвестициялық белсенділік сақталуда. Қаңтар-наурыз айлары аралығында инвестиция көлемі 373 млрд теңге болды.

Сонымен қатар инвестициялық салымдардың құрылымы да өзгеріп келеді. Бұрын инвестицияның негізгі бөлігі құрылыс секторына тиесілі болса, бүгінде жабдықтар саудасы мен технологиялық жаңғырту салаларында оң динамика байқалады. 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша осы бағыттағы инвестицияның үлесі 66%-ға жетті. Бұл өндірістік сектордағы инвестициялық белсенділіктің артқанын көрсетеді.

Биыл ақпан айында инвестицияның ең жоғары көлемі ақпараттық технология және байланыс саласында тіркелді. Бұл шамамен 39 млрд теңге немесе бір айдағы жалпы инвестиция көлемінің 30%-дан астамы.

Бүгінде Алматы жоғары инвестициялық белсенділігін сақтап, Орталық Азиядағы бизнесті тартатын негізгі орталықтардың бірі ретінде қалыптасып келеді.

Қаланың инвестициялық және экономикалық тұрақтылығының негізгі факторлары – дамыған инфрақұрылым, Индустриялық аймақ және бизнеске салықтық әрі кедендік жеңілдіктер ұсынатын «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Сүлейменов 90 жасқа толды

Бүгін 10:43

14–17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы қосымша екпе салынады

Бүгін 10:39

Nuctech жобасы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға серпін береді

Бүгін 09:26

Алматыда әлеуметтік нан бағасы тұрақтандырылды

Бүгін 09:16

Киік төлдеріне GPS-датчик орнатылып жатыр

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);