AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Интернет арқылы сауда жасауға бола ма?

Интернет арқылы сауда жасауға бола ма?

Әлеумет 14.11.2023, 07:08 1,325
Интернет арқылы сауда жасауға бола ма?
almaty-akshamy.kz

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі интернет саудасына қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 


Қазіргі таңда сатушы белгілі бір тауарды толық сипаттап интернет дүкен арқылы сата алады. Бұл тауар сатушының меншігінде болуы да, болмауы да мүмкін. Сатып алушы интернет дүкендерінен өзіне қажетті тауарға тапсырыс бергенде, сатушы оны қабылдап, келісілген уақытында жеткізеді.


Интернет дүкен арқылы сауда жасаудың үкімі төмендегідей қарастырылады:

1. Меншігіндегі тауарды өз парақшасында сату. Яғни дүкен иесі меншігіндегі заттарды интернет дүкен немесе әлеуметтік парақшалар арқылы сатады. Бұған шариғатта рұқсат етіледі.


2. Меншігінде жоқ затты өзінің парақшасында немесе интернет дүкенде сату. Бұл жерде сатушы көтерме сауда орталығымен алдын ала келісіп, кейін ол тауарға қатысты барлық сипаттарын және мағлұматтарын интернет дүкенінде көрсетеді. Клиент тарапынан тапсырыс түскенде сатушы тауардың ақшасын толық алып, көтерме сауда орталығынан затты сатып алып, келісілген уақытта клиентке жеткізеді. Бұл саудада тауардың сипаты толық көрсетілгендіктен, сәлам келісімшарты негізінде оған рұқсат етіледі.  


Ал тауардың төлемін толық алмаса, сондай-ақ тауардың нарықта бар-жоғы әрі тапсырыс берген затты жеткізуі белгісіз болса, мұндай саудаға тыйым салынады.  


3. Интернет дүкен иесі сатушының тауарын жарнамалап сату. Бұл көріністе интернет дүкен иесі делдал ретінде әр тауардан белгілі пайызды немесе белгіленген қызмет ақысын алады. Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Бір кісінің басқа біреуге: «Мына киімді мұнша бағаға сат. Одан артық бағаға сатсаң, үстіндегі ақша сенікі», – деп айтудың оқасы жоқ», – деген (Бұхари, 3/96). Бұл жағдайда тауарды жеткізу жауапкершілігі делдалға емес, сатушыға жүктеледі.


4. Интернет дүкен иесі сатушының атынан уәкілі ретінде сату. Уәкіл сатушының атынан тауарды сатып, ақшасын алады. «Әл-Маусуға әл-фиқһия әл-Кувейтия» кітабында: «Ғалымдар сауда-саттықта уәкіл тағайындау дың рұқсат екеніне бірауыздан келіскен. Уәкілдік ақылы да, ақысыз да болуы мүмкін», – делінген (әл-Маусуға әл-фиқһия, 45/90). Алайда тауар иесінің рұқсатынсыз белгіленген бағаның үстінен қосып сатуы дұрыс емес. Интернет дүкен арқылы сауда жасаған кезде сауданың рүкіндері мен шарттары толық табылуы, алаяқтыққа, заттың белгісіздігіне жол берілмеуі тиіс. Егер тауар баяндалған сипатқа сай болмаса, мұндай жағдайда сатып алушының затты көргеннен кейін қайтарып беруіне құқығы бар.


ҮКІМ:


  1. Меншігіндегі тауарды интернет дүкен арқылы сатуға рұқсат етіледі.
    2. Меншігіндегі жоқ тауарды сәлам саудасының шарттарына сай сатуға болады.
    3. Интернет дүкен иесінің сату шыдан белгілі бір пайызды алуы шариғатқа қайшы емес.
    4. Тауар сипатталған сипатқа сай болмаса, сатып алушының оны алмауына құқығы бар.
    5. Тауар белгілі себептерге байланысты келісілген мерзімде жеткізілмесе, сатып алушы ақшасын қайтарып алуға немесе келісімді бұзып-бұзбауға құқылы.
    6. Тауар келісімге сай тиісті мерзімде жеткізілген жағдайда сатып алушы тарап көзделген қаражатты төлеуге міндетті.


 



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #ислам #сауда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Кеше 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Кеше 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Кеше 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Кеше 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Кеше 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика