AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Интернет алаяқтардан қалай сақтануға болады?

Интернет алаяқтардан қалай сақтануға болады?

Керек кеңес 13.05.2023, 05:23 3,110
Интернет алаяқтардан қалай сақтануға болады?
сурет:el.kz

Алматы полициясы кеңес берді.


Қазіргі таңда ғаламтор желісінің дамуы мен электрондық, криптовалюталық төлем жүргізудің мүмкіндіктері себебінен интернет алаяқтық және ақпараттық коммуникациялық жүйе арқылы ұрлық секілді қылмыстар көбейген. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінде мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



«Осы орайда азаматтарды интернет қызмет түрлерін пайдалануда мұқият болуға шақырамыз. Күмән тудыратын сілтемелерді ашпаңыздар, жеке мәліметтер (ЖСН, IBAN, CCV) берілмеуі керек. Егер сіздің төлем картаңызға белгісіз тұлғалардан ақша түссе және басқа шотқа аударуды өтінсе, дереу өзіңіздің банкіңіздің Call орталығына немесе құқық қорғау органдарына хабарлаңыз. Егер сіз белгісіз тұлғаның сұрауын орындасаңыз, алаяқтардың құрбаны болып қалуыңыз мүмкін», – деді қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының киберқылмыстарға қарсы күрес бөлімінің бастығы Игорь Пудовкин.



Бұл ретте Алматы полициясы интернет алаяқтардан сақтану жолдарын жариялады:



  1. Ешқашан ешкімге өзіңіздің банк карточкаңыздың мәліметтерін, жеке басыңыздың мәліметтерін (жеке куәлік, сурет, төлем картаңыздың суретін, 3 сандық CCV кодын) жолдамаңыз.

  2. Интернет арқылы сатып алынатын тауарлар үшін алдын ала төлем жібермеңіз.

  3. Егер сіз жылжымайтын мүлік, көлік немесе тауар сатсаңыз төлемдерді қолма-қол алған дұрыс.

  4. Егер тауардың, көліктің немесе жалға беру бойынша хабарландыруда алдын ала төлем жасау керек екені жазылса және байланыс тек WhatsApp желісі арқылы болса, электрондық төлем жүргізудің еш қажеті жоқ.

  5. Түрлі мессенджерлер арқылы сізге сілтемелер келсе, ол алаяқтардың тұзағы болу әбден мүмкін.

  6. Түрлі сайтта банктік карточкаңыздың мәліметтерін жарияламаңыз. Бұл сіздің жеке мағлұматтарыңызды алуға арналған арнайы фишинг сайты болуы ықтимал.

  7. Ғаламтор желісі арқылы ұйымдастырылатын ұтыс ойынына қатыспауыңыз керек.

  8. Үлкен пайда әкелетін түрлі жобаларға ақша салмаңыз. Сізге басқа шетел абоненттік нөмірі арқылы хабарласып, биржаға, криптовалютаға ақша салуыңызды сұрауы мүмкін.

  9. Егер сізге банктің қауіпсіздік қызметінен хабарласса, банк қызметкерлері сіздің картаңыздың мәліметтерін немесе құпия сөз және кодты сұрамайды. Алаяқтар сондай-ақ түрлі телефон абоненттік нөмірін ауыстырып көрсететін домен арқылы хабарласулары мүмкін. Мұндай жағдайда телефон тұтқасын қоя салыңыз.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Интернет алаяқтық #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық 2000 оқушы Республика күніне арналған жаңа әнді орындады

Бүгін 10:38

Алматыда заңсыз салынған «Жетісу-Семиречье» базарын бұзу жұмыстары басталды

Бүгін 09:35

Ұлттық ұлан офицерлері алматылық оқушыларға ерлік сабағын өткізді

Кеше 19:10

Мемлекет басшысы СNMC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ганды қабылдады

Кеше 18:15

Қазақстанның жасанды интеллектіні дамыту саласындағы тәжірибесі ТүркПА-да таныстырылды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);