AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматылық 2000 оқушы Республика күніне арналған жа...

Алматылық 2000 оқушы Республика күніне арналған жаңа әнді орындады

Алматы Бүгін 10:38 42
Алматылық 2000 оқушы Республика күніне арналған жаңа әнді орындады

Түрксіб ауданындағы 2000-ға жуық оқушы Қазақстанның Республика күніне арналған жаңа «Республика күні» әнін орындады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Әннің авторы – №6 Оқушылар үйінің педагогі, композитор Біржан Әлкеев. Туынды «Елімнің жарқын болашағы: Бірлік. Рух. Тәуелсіздік!» атты ауқымды патриоттық іс-шара аясында шырқалды.

Іс-шараны Түрксіб аудандық білім бөлімі, №6 Оқушылар үйі және аудандағы 32 мектеп бірлесіп ұйымдастырды. 2000-ға жуық оқушы бір мезетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын, сондай-ақ «Республика күні» және «Атамекен» әндерін орындады.

Іс-шараның ерекше көріністерінің бірі – «Жанды ту» композициясы. Көгілдір және сары түсті жейде киген оқушылар алаңға сап түзеп, Қазақстанның Мемлекеттік Туының бейнесін жасады.

Көрермендердің ерекше назарын №83 гимназияның қазақ халық аспаптарынан құралған «Шабыт» оркестрінің өнері аударды. Ұжым ұлттық музыка мәдениетінің бай мұрасын паш етті.

Сонымен қатар арт-челлендж аясында 500 жас суретші Қазақстанның мәдени мұрасына, ұлттық дәстүріне және еліміздің жарқын болашағына арналған туындысын ұсынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#челлендж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ақсай-1А тұрғындарының жерлерін заңсыз сату ісі бойынша үкім шығарылды

Бүгін 10:42

Алматыда заңсыз салынған «Жетісу-Семиречье» базарын бұзу жұмыстары басталды

Бүгін 09:35

Ұлттық ұлан офицерлері алматылық оқушыларға ерлік сабағын өткізді

Кеше 19:10

Мемлекет басшысы СNMC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ганды қабылдады

Кеше 18:15

Қазақстанның жасанды интеллектіні дамыту саласындағы тәжірибесі ТүркПА-да таныстырылды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);