Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Интернет-алаяқтар қызу жұмыс істеген call-орталықт...

Интернет-алаяқтар қызу жұмыс істеген call-орталықтар анықталды

Заң мен тəртіп 12.09.2024, 17:12 1,803
Интернет-алаяқтар қызу жұмыс істеген call-орталықтар анықталды
Сурет: Astanatv.kz

Интернет-алаяқтар шетелге, соның ішінде Иран, Үндістан, Қытай, АҚШ және Малайзия азаматтарына қоңырау шалып, оларға "жоқ" инвестициялық мәмілелер жасауды ұсынған.

47 шетел азаматы, сондай-ақ Қазақстанның 5 азаматы ұсталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Олардың шетел азаматтарына 2 мыңнан астам қоңырау шалғаны анықталды. Тінту барысында 1,5 мыңнан астам телефон, 57 ноутбук пен компьютер, мыңнан астам sim-карта тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталғандардың қазақстандықтарға қатысты интернет-алаяқтық жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Ішкі істер министрлігі алаяқтардың құрбаны болмас үшін азаматтарды қырағы болуға шақырады.

Қарапайым сақтық шараларын сақтауды ұмытпаңыздар. Сізге мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жіберілетін күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Егер сілтеме бойынша өтіп қойсаңыз, онда мессенджеріңізді қосылып тұрған басқа құрылғылардан ажыратыңыз. Бейтаныс абоненттердің бейнеқоңырауларына жауап бермеңіз.

"Егер біреу телефон арқылы несие ресімдеуді, мүлікті сатуды немесе ақшаны "қауіпсіз" шотқа аударуды ұсынса – сенбеңіз. Құқық қорғау органдары мен банк қызметкерлері мұндай операцияларды ешқашан телефон арқылы жүргізбейді. Жеке деректеріңізді, банк картасының жарамдылық мерзімін, CVV-кодын ешкімге бермеңіз. Күмәнді инвестициялық жобаларға ақша салмаңыз. Инвестиция жасамас бұрын қор нарығын және жобаның өзін мұқият тексеру қажет. Телефоныңызға қосымшаларды орнату үшін тек ресми AppStore және PlayMarket платформаларын пайдаланыңыз. Өзіңізге және жеке ақпараттарыңызға мұқият болыңыз! Полиция әрқашан жаныңызда! Алайда көп нәрсе сіздің қырағылығыңызға байланысты екенін естен шығармаңыз!" – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Интернет алаяқтық #Call-орталық #қызу жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Бүгін 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Бүгін 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі