AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Инновацияға 10 млрд теңгеге дейін: Алматы ғылым ме...

Инновацияға 10 млрд теңгеге дейін: Алматы ғылым мен технологияға басымдық береді

Әлеумет 02.04.2025, 15:49 825
Инновацияға 10 млрд теңгеге дейін: Алматы ғылым мен технологияға басымдық береді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) базасында жоғары технологиялық жобалар мен стартаптарды дамытуға арналған «Farabi Hub» жаңа ғимаратында өткен «Ғылым, бизнес және өндіріс интеграциясы» форумына қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Форум алаңында бірлескен инновациялық жобаларға мүдделі бизнес, ғылым және мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. Форум басталар алдында қала басшысы Ерболат Досаев пен ҚазҰУ басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев «Farabi Hub» инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығын аралап, алдыңғы қатарлы әзірлемелермен танысты. Олардың қатарында қашықтан зондтау, робототехника, суперкомпьютерлік технология, биотехнология және нанотехнология бар. 

Пленарлық сессияда сөз сөйлеген Ерболат Досаев ғылым мен инновацияны ілгерілету – Мемлекет басшысының саясатының басты басымдығының бірі екенін атап өтті.

«Президентіміздің идеяларын жүзеге асыруда Алматыға ерекше мән берілген. Қала – еліміздің ғылыми және білім беру орталығы. Мұнда Қазақстандағы жоғары оқу орындарының үштен бірі орналасқан, 280 мыңнан астам студент білім алуда, 130-дан астам ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді. Бұл еліміздегі барлық ғылыми ұйымдардың үштен бірі», – деді Ерболат Досаев.

Соңғы үш жылда ҒЗТКЖ шығындары екі еседен астам өсіп, 2022 жылғы 47 миллиард теңгеден 2024 жылдың қорытындысы бойынша 95 миллиард теңгеге жетті.

Бұған қоса, 2024 жылдың қыркүйек айында мегаполисте Ғылым және технологиялар кеңесі құрылды. Бұл кеңес ғалымдар, бизнес және мемлекет арасындағы диалог алаңы. Басты мақсаты – технологияларды нақты секторға енгізу мәселесін шешу.

Қала басшысының айтуынша, Алматының даму бағдарламасы ғылым жетістіктері мен технология трансфертін белсенді пайдалануға негізделген. 

«Бізде зерттеулерді қаржыландыруға және технологияларды қала өміріне енгізуге қажетті құралдар мен мүмкіндіктер бар. Егер жеткілікті жоба ұсынылса, биыл біз қала дамуының жеті негізгі бағытына сәйкес түрлі жобаларға 10 миллиард теңгеге дейін бөлуге дайынбыз», – деді Ерболат Досаев. 

Ол цифрландыру мен жасанды интеллекттің жаһандық экономикалық дамудағы маңыздылығы артып келе жатқанын еске салды.

Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша мегаполис Қазақстанның IT-секторының көшбасшысы болып қала береді. Бұл саладағы қызметтердің 52%-ын Алматы қамтамасыз еткен. Өткен жылы Қазақстандағы IT-нарықтың жалпы көлемі шамамен 3 трлн теңге болса, оның 1,6 трлн теңгесі Алматыға тиесілі.

Өз кезегінде, ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев Қазақстан ЖОО-лары арасында ең ірі технопарк, инновациялық парк және жасанды интеллект орталығын салу жоспарланып отырғанын жеткізді.

«ҚазҰУ Алматының инновациялық экожүйесіне кірігуге және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға зор мүмкіндіктерге ие», – деді ол.

Жалпы, форум қатысушылары ғылым, бизнес және өндіріс интеграциясын дамыту бойынша ұсыныс пен идеясын ортаға салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ғылым #білім #инновация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41

Дархан Сатыбалды алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін 14:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика