AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Индустриалды» теміржол станциясын жөндеу жыл соңы...

«Индустриалды» теміржол станциясын жөндеу жыл соңына дейін аяқталады

Әлеумет 12.10.2022, 10:58 1,757
«Индустриалды» теміржол станциясын жөндеу жыл соңына дейін аяқталады
Сурет:7kun.kz

Алматының индустриалды аймағында қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша «Индустриалды» теміржол станциясын пайдалануға беру үшін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.


Бүгінде ағаш шпалдарды (0,39 км жол бөлігінде), темірбетон шпалдарды (548 дана), жауын-шашын жинақтағышының бетон плиталарын және бағыттамалы бұрмаларды бөлшектеу жүргізілді, темір жолдармен және жауын суы жиналатын жердің астынан су ағатын орындарды тығыздау бойынша жұмыстар жүргізілді, 3,6 га аумақ қураған шөптерден тазартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қалпына келтіру жұмыстары аясында темірбетон және ағаш шпалдарды ауыстыру (2 700 дана), ұзындығы 8,5 км темір жолдарды теңгерімдеу, бағыттамалық бұрмаларды жөндеу және т.б. қарастырылған. Теміржол станциясын іске қосу жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.


Жеке теміржол станциясы индустриалды аймақ инфрақұрылымының негізгі объектісіне айналады. Ірі логистикалық орталық – «Боралдай»  теміржол станциясына шығу үшін оның ұзындығы 8 км құрайды. Индустриалды аймақтың резидент компаниялары теміржолдарға жанасуға тиісті техникалық шарттарды алды. Тасымалданатын жүктердің күтілетін көлемі жылына шамамен 1,8 млн тоннаны құрайды.


Алматының индустриалды аймағының жалпы ауданы - 490 гектар, оның 326 гектары инвестициялық жобаларға, 164 гектары инфрақұрылымға бөлінген. Бүгінде Алматының индустриалды аймағында инвестиция көлемі 270 млрд теңгеге 70 компания тіркелген. Олар жалпы құны 120 млрд теңге болатын 20 жобаны іске асырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #теміржол станциясы #жөндеу #қалпына келтіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);