Индонезияда Қазақстан мен Димашқа арналған көрме өтеді

Индонезияда Қазақстан мен Димашқа арналған көрме өтеді Cурет: Ашық дереккөз

Индонезиядан келген Dears бұл мүмкіндікке қатты қуанды


2022 жылғы 29 маусымда Джакартадағы «Индонезия Республикасының Ұлттық кітапханасында» Орындаушыға және оның Отанына арналған «Димаш: Қазақстанның алтын дауысы» атты көрме өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


2022 жылғы 29 маусым мен 8 шілде аралығында өтетін іс-шараны Димаш Құдайбергеннің Индонезиялық фан-клубы Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшілігімен және Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.


Индонезиядан келген Dears бұл мүмкіндікке қатты қуанды, өйткені бұл іс-шара индонезиялықтардың көпшілігіне Қазақстанның мәдениетімен және Димаштың дауысымен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ екі ел арасындағы достықты нығайтады.


Көрмеде Қазақстанның керемет сұлу табиғатының фотосуреттері, сондай-ақ жергілікті индонезиялық суретшілер жасаған түрлі өнер туындылары ұсынылады. Сонымен қатар, көрменің бірінші күні кітапхананың бас залында Димаштың бір концертінің көрсетілімі өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21