AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Иманғали Тасмағамбетов Сергей Шойгумен кездесті

Иманғали Тасмағамбетов Сергей Шойгумен кездесті

Саясат 20.02.2023, 17:00 1,439
Иманғали Тасмағамбетов Сергей Шойгумен кездесті
Сурет: Ашық дереккөз

Кездесуде ұйымның күш әлеуетін жетілдіру мәселесі талқыланды


Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі, генерал Сергей Шойгумен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


ҰҚШҰ сайты таратқан мәліметте Шойгу Тасмағамбетовті жаңа қызметімен (2023 жылы 1 қаңтардан бастап үш жыл мерзімге) құттықтағаны айтылады.



"Осы маңызды және жауапты лауазымға тағайындалуыңызбен бірден құттықтай кеткім келеді, өйткені біздің ұйымға көп нәрсе байланысты. Мемлекеттік ауқымдағы, ал қазір мемлекетаралық ауқымдағы қайраткер ретіндегі орасан зор тәжірибеңіз, оның ішінде Қазақстанның Қарулы күштерін қалыптастыруға жұмсаған ерен еңбегіңіз, Қорғаныс министрі ретіндегі тәжірибеңізді ескере отырып, өзіңізге үміт артамын", - деді Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгу.



Кездесу барысында Шойгу мен Тасмағамбетов ұйымның әскери құрамдас бөлігін дамыту, сондай-ақ оның күш әлеуетін жетілдіру мәселелерін талқылады.


Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы қызметіне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірісті. ҰҚШҰ Бас хатшысы үш жылға тағайындалады. Тасмағамбетовке дейін ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметін Станислав Зась атқарды. ҰҚШҰ-ға Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді.


2023 жылы 13 ақпанда Минскіде Александр Лукашенко Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тасмағамбетов #Шойгу #ҰҚШҰ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қуыршақ театры жаңа 91-маусымының шымылдығын түреді

Бүгін 19:11

Алматының Жетісу ауданының әкімі болып Құрасбек Сәдібеков тағайындалды

Бүгін 18:35

Батыс Қазақстан облысында 245 шақырым автожолды жөндеу жұмыстары аяқталды: облыс орталығына баратын уақыт екі еседен астам қысқарды

Бүгін 17:46

Сәлем – сөздің анасы: Қоғамдағы жаңа амандасу әдебі қандай болуы керек?

Бүгін 17:44

Сәлемдесу әдебін сақтаған жөн

Бүгін 17:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);