AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Іле-Алатауы ұлттық паркі де өрт қаупі артатын маус...

Іле-Алатауы ұлттық паркі де өрт қаупі артатын маусымға даярлықты күшейтті

Әлеумет 16.04.2026, 12:15 488
Іле-Алатауы ұлттық паркі де өрт қаупі артатын маусымға даярлықты күшейтті
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматының тау беткейі мен Іле-Алатауы ұлттық паркінің аумағында орман өртінің алдын алуға бағытталған іс- шаралар жүзеге асып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында орманды қорғау, молықтыру мен қалпына келтіру бөлімінің басшысы Райхан Мұхаметжанова мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, осы жолы инфрақұрылымды дайындаудан бастап цифрлық бақылауға дейінгі жұмыстарға көп көңіл бөлініп отыр екен.

Өрт қаупі артатын маусымға дайындық аясында ұлттық паркте ұзындығы 90 шақырым болатын өртке қарсы жолдар жөнделіп, ұзындығы 294 шақырымды құрайтын минералдандырылған жолақтар тазартылып, күтімге алынған.

Сонымен қатар таулы аймақта 22 бақылау мұнарасы қалпына келтіріліп, өртке қарсы аншлагтар жаңартылып, жедел әрекет ету үшін 20 тікұшақ алаңын алдағы маусымға әзірлеуге кіріскен.

«Біз қауіптің салдарымен емес, себебімен күресеміз. Сондықтан профилактикалық жұмысты, техникалық жарақтандыру мен таулы аймақтағы жағдайды бақылауды күшейттік», - дейді Райхан Мұхаметжанова.

Материалдық-техникалық базаға көп көңіл бөлініпті. Орман өртін сөндіретін 4 жаңа станция пайдалануға беріліп, арнаулы жасақтар құрылған, жанармайдан қор жасап, техниканы да жан-жақты қамдап жатыр.

Өртті ерте анықтайтын осы заманғы жүйелерді де қосымша енгізіп жатыр. 15 нүктеде автоматтандырылған бақылау кешендері орнатылып, жедел басқарудың орталықтандырылған жүйесі құрыла бастаған.

Спикердің айтуынша, төтенше қызметтермен бірлесе қимылдап, халықты ақпараттандыру жағы алдын алу жұмысының маңызды бөлігі болып отыр.

«Біз жер пайдаланушылармен және туристермен белсенді жұмыс жүргізіп келеміз, өйткені адам факторы әлі де өрттің негізгі себебінің бірі болып қалып отыр. Жалпы, орман өртінің алдын алу, жедел әрекет ету мен табиғи экожүйені сақтауға қажетті шаруаның бәрін істедік», - деп түйіндеді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Іле-Алатауы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Бүгін 20:00

Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады

Бүгін 19:30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты

Бүгін 19:00

Биылғы 9 айда экономиканың өсімі 4,2%-ды құрады: Үкіметте әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды

Бүгін 17:45

Алматының кейбір аудандарында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);