Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Әлеумет 05.09.2024, 13:28 2,263
ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Сурет: Firestock.ru

ІІМ терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті азаматтар! Соңғы кезде білім беру мекемелерінде орнатылған жарылғыш заттар туралы жалған хабарламалар жиілеп кетті. Барлық осындай фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, мұндай қылмыс жасаған адамдар арасында кәмелетке толмағандар жиі кездесуде. Жыл басынан бері 168 қылмыстық іс қозғалып, 31 адам ұсталды, оның ішінде 12-сі кәмелетке толмаған бала. 13 адам сотталды, оның ішінде екеуі жасөспірім. Алты ата-анаға айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

ІІМ мәліметінше, әрбір жалған хабарлама тұрғындар арасында үрей тудырып, мекемелердің жұмысына кедергі келтіреді. Олар материалдық шығын әкеліп қана қоймай, шұғыл қызметтердің уақытын алады. Терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін 5000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

"Бұл қылмыс үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Егер кәмелетке толмағанның жасы 14 жастан аспаса, онда бұл жағдайда оның ата-анасы тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін атқармағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Бұдан бөлек, сот шешімімен ата-аналар шұғыл қызметтердің шақыртуға шығып, нысандарды тексеруге кеткен шығынын өтеуге міндеттеледі. Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балалардың мінез-құлқына ерекше назар аударуға шақырады. Жасөспірімдерге осындай әрекеттердің соңы неге әкелетінін түсіндіріңіздер. Терроризм актісі туралы көпе-көрінеу жалған хабарламалар үшін қатаң жаза қарастырылатынын еске сақтаңыздар. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бірлесіп қана, біз балаларымыз үшін қауіпсіз орта құра аламыз", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ІІМ #Ескерту #жалған ақпарат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар әлем чемпионатын екі қола медальмен қорытындылады

Кеше 20:47

Алматыда ауа сапасын жақсарту бойынша жаңа шаралар: көмірді пайдалану мен құрылыс қалдықтарын реттеу

Кеше 20:09

Алматыда стационарлық шығарындыларға бақылау күшейтіледі

Кеше 20:05

Алматыда тозығы жеткен автокөліктерді сатып алу механизмі енгізіледі

Кеше 18:57

Алматылық спортшылар джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында 38 медаль жеңіп алды

Кеше 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика