Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ІІМ-нің генералдары жас полиция қызметкерлерінің т...

ІІМ-нің генералдары жас полиция қызметкерлерінің тәлімгерлері болады

Заң мен тəртіп 10.01.2024, 10:55 1,172
ІІМ-нің генералдары жас полиция қызметкерлерінің тәлімгерлері болады
Сурет: Polisia.kz

Тиісті шешім бүгін Алматы қаласы полиция департаменті Тәлімгерлер кеңесінің бірінші отырысында қабылданды.


Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің нұсқауына сәйкес 2024 жыл кадр сапасын жақсарту жылы деп белгіленді және ардагерлер тарапынан жеке құраммен тәлім-тәрбие жұмыстарын көтеру мәселелерін қозғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі” деген ел ішіндегі ұлағатты сөзді еске алып, ішкі істер органдарының дамуы жолында ардагерлердің ақыл-кеңестері және ой-пікірлері бүгінгі таңда өте маңызды екенін атап өткім келеді. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында және бүгінгі кездесудің нәтижесінде ардагерлеріміздің әрбір өнегелі сөзі, тағылымды еңбектері – кейінгі жастарға үлкен үлгі және тәлім-тәрбие. Сондықтан сіздерге деген үмітіміз де, құрметіміз де ерекше», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.



Ашық дауыс беру нәтижесінде Молдияр Оразалиев Алматы ПД Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы болды. Оның орынбасары – Жан Кенжетаев. Кеңестің шешімімен 11 ардагер, ҚР ІІМ-нің еңбек сіңірген қайраткерлері Алматы полициясының барлық қызметтері мен бөлімшелерінің кураторы болып тағайындалды.



«Құрметті ардагерлер! Мемлекет Тәуелсіздігінің және қазақ полициясының қалыптасуының жолында бәріңіздің еңбегіңіз зор! Жаңа форматтағы полиция қызметкерлерін отансүйгіштікке тәрбиелеуде сіздердің білімдеріңіз, даналықтарыңыз және өмірлік тәжірибелеріңіз бүгінде бұрынғыдан да маңызды. Ардагерлердің кеңестері қазіргі қызметкерлер мен болашақ басшылар үшін баға жетпес. Біз мұндай кездесулерді дәстүрге айналдыруды жоспарлап отырмыз және бұл оң нәтиже беретініне сенімдімін. Бүгінгі кездесудің басты міндеті – тәжірибе алмасу, полиция қызметкерлерінің тәрбиесіне қатысты мәселелерді талқылау және ең бастысы департаменттің Тәлімгерлер кеңесін құру», – деді Арыстанғани Заппаров.



Алматы қалалық полиция департаменті – алты жарым мыңға жуық қызметкері бар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ең ірі бөлімшесі. Алматы полициясы өзінің қалыптасуының бүкіл тарихында лайықты көшбасшыларды дайындады. Алматы ПД 4 министрмен, 16 ішкі істер министрінің орынбасарымен және 30 жоғары генерал атағын алған басшылармен мақтанады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ІІМ #генералдар #жас полицейлер #тәлімгерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика