AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Тәуелсіздіктің 35 жылы: Алматыда елдің жетістіктер...

Тәуелсіздіктің 35 жылы: Алматыда елдің жетістіктері мен келешек даму бағыттары талқыланды

Алматы Бүгін 09:53 50
Тәуелсіздіктің 35 жылы: Алматыда елдің жетістіктері мен келешек даму бағыттары талқыланды
Алматы әкімдігі

Алматы қаласындағы Достық үйінде Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған, қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің төрағалығымен дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиынға Алматы қаласындағы 36 жоғары оқу орнының басшылары қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің негізгі өзгерістері мен жетістіктерін, алдағы даму перспективаларын, сондай-ақ ғылыми-білім беру әлеуетін нығайту және жастарды қолдау мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, жастар – мемлекеттің дамуына серпін беретін негізгі күш, ал сапалы білім алуға жағдай жасау – елдің басты басымдықтарының бірі. Алматыда Мемлекет басшысының тапсырмалары мен қала әкімі Дархан Сатыбалды айқындаған жұмыс басымдықтары аясында жастардың кәсіби қалыптасуына, әлеуетін жүзеге асыруына және бастамаларын қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.

«Тәуелсіздіктің 35 жылында Қазақстан мемлекеттің одан әрі дамуына берік негіз қалыптастырды. Бүгінде жоғары оқу орындарының алдында стратегиялық міндет тұр. Ол – білім сапасын қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілетті мамандар даярлаумен қатар, терең білімді, азаматтық жауапкершілігі жоғары, заманауи сын-қатерлерге жауап бере алатын жаңа буын азаматтарды қалыптастыру. Еліміздің одан әрі экономикалық өсімі, қоғамдық прогресі мен бәсекеге қабілеттілігі жастардың зияткерлік әлеуетіне, ғылымның дамуына және инновациялардың енгізілуіне тікелей байланысты», – деп атап өтті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов.

Кездесу барысында жоғары оқу орындарының басшылары қоғамдық диалогты нығайту және мемлекеттік бастамаларды іске асыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған ғылыми, мәдени-ағартушылық, спорттық және патриоттық іс-шаралар жоспары, сондай-ақ 2027 жылға арналған бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары қарастырылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар студенттік ортаны дамытуға, жастардың бастамаларын қолдауға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған әкімдік пен академиялық қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының қаржы нарығына шолу: депозиттердегі қаражат 10 трлн теңгеге жуықтап, бизнеске несие беру көлемі артты

Бүгін 10:02

Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» бағдарламасы бойынша қаражаттың жұмсалуына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

Бүгін 10:00

Қазақстандық Алан Құрманғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 09:45

Қазақстанда жолаушылар тасымалы 2,9% өсті

Бүгін 09:21

Мемлекет басшысының Жолдауы: инфрақұрылымды жаңғырту – Қазақстанның болашақ дамуының негізі

Бүгін 09:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);