Резиденттердің екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерінің көлемі 2026 жылдың 9 айында 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,3%-ға ұлғайып 14 414,3 млрд. теңгені құрады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматы қаласының қаржы нарығында қазіргі таңда жағдай төмендегідей қалыптасты:
Инфляция
2026 жылғы 1 қазанда Алматы қаласы бойынша статистика департаментінің ресми деректері бойынша инфляция 106,6% деңгейінде қалыптасты (2025 жылғы 1 қазанда – 109,8%).
Инфляция құрылымында азық-түлік тауарларына бағалар – 4,3%, азық-түлік емес тауарларға – 7,7%, ақылы қызметтерге – 8,0% өсті.
Алматы қаласы бойынша тұтыну бағаларының индексі

Валюталық нарық
2026 жылғы 1 қазадағы жағдай бойынша қаланың қолма-қол шетел валютасы нарығында 440 айырбастау пункті жұмыс істеді, оның ішінде: банктердің айырбастау пункттері - 233 қолма - қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы бар уәкілетті ұйымдар-204, "Қазпошта" АҚ- 3.
2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда айырбас пункттерінің саны 0,2% өсті (439-дан 440-қа дейін) уәкілетті ұйымдардың айырбас пункттерінің өсуі есебінен 0,5% (203-тен 204-ке дейін) және банктердің айырбас пункттерінің 2,2% (228-ден 233-ке дейін). Сонымен бірге, «КазПошта» АҚ айырбас пункттерінің саны 8-ден 3 бірлікке дейін қысқарды.
2026 жылдың алғашқы 9 айы ішінде қор биржасында теңгенің орташа өлшенген бағамы АҚШ долларына қатысты 449,75-тен 507,64 теңгеге, еуроға қатысты 518,23-тен 595,43 теңгеге, ресей рубліне қатысты 5,28-ден 6,63 теңгеге және қытай юанына қатысты 67,03-тен 72,83 теңгеге дейінгі аралықта болды.
2026 жылдың 9 айында айырбастау операцияларының көлемі 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда валютаны келесі сатып алу мен сатуды көрсетті:
АҚШ доллары – 90,5% және 107,7% және сәйкесінше 1 276,9 млн және 2 179,2 млн долларды құрады;
Еуро – 77,7% және 84,6% және сәйкесінше 79,1 миллион еуро және 149,9 миллион еуроны құрады
Ресей рублі – 101,3% және 101,0% және сәйкесінше 18 187,4 миллион рубль және 12 194,6 миллион рубльді құрады;
Қытай юані – 119,2% және 113,7% және сәйкесінше 153,6 миллион Қытай юані және 149,5 миллион Қытай юанін құрады.
Депозит нарығы
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторын 23 екінші деңгейдегі банк құрады, оның 21-і Алматы қаласында.
Резиденттердің екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерінің көлемі 2026 жылдың 9 айында 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,3%-ға ұлғайып 14 414,3 млрд. теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 20,2%-ға 4 543,5 млрд. теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 8,9%-ға 9 870,8 млрд. теңгеге дейін өсті.
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 16,5% - ға ұлғайып, ал шетел валютасындағы депозиттер көлемі 0,5%-ға азайды.
Депозиттердің жалпы көлеміндегі жеке тұлғалар салымдарының үлесі 68,5% құрайды. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлесі 2025 жылғы 3 тоқсандағы 75,2% - ға қарағанда 78,0% -. құрады.
Кредит нарығы
Банктердің Алматы қаласының экономикасын кредиттеу көлемі 2026 жылғы 1 қазанда 17 159,1 млрд. теңгені құрады, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 2,0%-ға көбірек.
Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 0,6%-ға 13 773,5 млрд. теңгеге дейін азайды.
Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 13,9%-ға 3 3385,6 млрд. теңгеге дейін өсті.
Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі 5,5%-ға 13 955,4 млрд. теңгеге дейін өсті, ал қысқа мерзімді кредиттер 10,9%-ға 3 203,7 млрд. теңгеге дейін төмендеді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 22,4% - ға 3 661,0 млрд. теңгеге дейін өсті (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 21,3%).
Кредиттеудің салалық құрылымы кезең ішінде сауда мен өнеркәсіптегі басым бағыттарды сақтап қалды: қысқа мерзімді кредиттер бойынша 29,8% және 12,8%, ұзақ мерзімді кредиттер бойынша тиісінше 3,7% және 7,3%.