Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 наурыздағы қаулысымен Ішкі істер министрлігіне қатысты ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Осы өзгерістерге сәйкес, 2026 жылғы 2 шілдеден бастап министрліктің жаңа функциясы іске қосылады:
электр самокаттарын жалға беру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге электр самокаттарына тіркеу нөмірін тағайындау тәртібін, сондай-ақ нөмірдің нысаны мен үлгісін әзірлеу және бекіту.
Сонымен бірге, жаңа редакцияда министрліктің келесі функциялары нақты көрсетілген:
құқықбұзушылықтардың алдын алуға қатысатын азаматтарды тарту тәртібі, нысандары мен түрлерін әзірлеу және бекіту;
ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдарды есепке алу және олардың іс-әрекетін бақылау тәртібін әзірлеу және бекіту.
Бұл қаулы 2026 жылғы 2 наурыздан бастап қолданысқа енеді.
Еске салайық, бұған дейін ІІМ электр самокаттарына мемлекеттік тіркеу нөмірін тағайындау ережесін бекіткен еді.