Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ІІМ басшысы киберқылмыспен күрестегі жаңашылдықтар...

ІІМ басшысы киберқылмыспен күрестегі жаңашылдықтар туралы айтты

Заң мен тəртіп 19.03.2025, 09:42 788
ІІМ басшысы киберқылмыспен күрестегі жаңашылдықтар туралы айтты
Сурет: Polisia.kz

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Орталық коммуникациялар қызметінің подкастында киберқылмыспен күресудің жаңа әдістері туралы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

Мәселенің ауқымын көрсеткіштерден түсінуге болады: егер 2017-2018 жылдары жыл ішінде 5 мыңға жуық интернет-алаяқтық тіркелсе, 2020-2021 жылдары бұл көрсеткіш 20 мыңға дейін артқан. 

«2017 жылы құралдар көп болмағанын айта кеткен жөн. Былтыр Киберқылмыспен күрес департаменті ашылды. Бұған дейін бұл мәселемен Криминалдық полиция департаменті айналысқан. Проблемалар көбейіп барады. Өкінішке орай, қоғамның, азаматтарымыздың қаржылық сауаттылығы төмен. Сеніп қалады. Тез ақша, тез пайда тапқысы келеді. Бүгінде құралдардың бәрі бар. Бұл мәселемен Ішкі істер министрлігі ғана емес, банк те айналысады. Көп заңнамаға өзгерістер енгіздік. Банктерде anti-fraud жүйесі бар: күмәнді мәмілелер, несие рәсімдеу сияқты жағдайлар болған кезде банктер мұны өздері тоқтатып, бізге мәлімет береді. Прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі, ҰҚК, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, банктер, бүкіл мемлекеттік органдар осы салада осыған жауапты. Жұмыла жұмыс істеп жатырмыз, жақсы нәтижелер бар», - деді ІІМ басшысы.

Әлемдік тәжірибе де кеңінен қолданылып, қабылданып жатыр.

«Енді қылмысты анықтау, ашу мәселесі ғана емес, оқыту, қоғамға жеткізу мәселесі де қаралады. Оны мектептерден бастауымыз керек. Академияларымызда IT мамандарды дайындайтын факультеттер ашамыз. Бұрын олар лейтенант, спортшы, заңды білетін қарулы адам болса, енді сәйкесінше, біліктілік талаптары бойынша IT мамандар», – деді Ержан Сәденов.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде алаяқтардың 65 млн қоңырауы бұғатталды, 2 млрд теңгеден астам қаржыны алаяқтарға аударуға жол берілмеді. Жыл басынан бері интернет алаяқтық жасағаны үшін 115 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Толық шығарылымға сілтеме: https://youtu.be/LPjytyehuis

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Киберқылмыс #Ержан Сәденов #банктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49

Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Бүгін 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика