AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ІІМ Алматы академиясында киберқауіпсіздік бойынша...

ІІМ Алматы академиясында киберқауіпсіздік бойынша мамандар дайындайды 

Заң мен тəртіп 10.05.2023, 08:53 1,989
ІІМ Алматы академиясында киберқауіпсіздік бойынша мамандар дайындайды 
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Келесі оқу жылынан бастап ведомстволық ЖОО-да үш жаңа білім беру бағдарламасы пайда болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ІІМ Алматы академиясы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ержан Бимолданов мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 


Академияда "Құқық қорғау қызметі", "Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету", "ІІО қызметін IT-криминалистикалық қамтамасыз ету", "Ақпараттық жүйелер" сияқты үш жаңа бағыт бойынша ішкі істер органдары жүйесінің кәсіби кадрлары дайындалады.



"Соңғы жылдары киберқылмыс, интернет-алаяқтық тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Осы қылмыстарға тиімді қарсы тұру керектігін ескере отырып, жаңа білім беру бағдарламаларын ашу туралы шешім қабылданды. Осы бағытта Астана және Алматы қалаларының полиция департаменттерінде киберқылмыстарды ашумен және тергеумен айналысатын арнайы бөлімшелер ашылды. Олар киберпол деп аталады. Біз осы бөлімшелердің қызметкерлерін Алматы академиясының қабырғасында оқытатын боламыз", - деді Е. Бимолданов.



Сонымен қатар, академияда қазіргі және болашақ қызметкерлерді интернет арқылы жасалатын қылмыспен күресу бойынша жұмыс дағдыларына үйрету үшін киберзертхана мен киберполигон ашылды.


Академия тегін білім алып, жайлы жатақханада тұруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ артықшылықтар қатарында тегін тамақ, формалық киім, медициналық қызмет көрсету, тұрғылықты жеріне бару және кері қайтару (пойызбен) кіреді. Курсанттар шәкіртақы алады. Оқу мерзімі мерзімді әскери қызмет өткерумен тең.


Оқуды аяқтағаннан кейін бітірушілерге «Ұлттық қауіпсіздік және әскери істер бакалавры» және «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бакалавр» біліктіліктері бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі, сонымен қатар «полиция лейтенанты» арнайы атағы беріледі.


Оқуға түсу бойынша тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) полиция басқармаларына (бөлімдеріне) немесе тікелей Алматы академиясына жүгініңіз. Немесе +7-705-755-25-77, +7-775-930-55-88 телефондары бойынша ақпарат алуға болады. Үміткер медициналық комиссиядан және дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтардан өтуі керек. ҰБТ нәтижесі 50 баллдан төмен болмауы тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Академия #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 25 жастағы алматылық өлі табылды

Бүгін 11:27

Үш адамның өмірін қиған Әл-Фараби даңғылындағы апат бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды

Бүгін 10:28

Күн ақырындап жылиды: 24 мамырға арналған ауа райы болжамы қандай?

Бүгін 09:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);