Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / ІІМ алаяқтардың жаңа амалдары туралы ескертеді

ІІМ алаяқтардың жаңа амалдары туралы ескертеді

Керек кеңес 19.04.2022, 13:15 2,002
ІІМ алаяқтардың жаңа амалдары туралы ескертеді
Сурет: Inbusiness.kz

Соңғы уақытта полиция және басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кейпіндегі алаяқтық қоңыраулар жиілеп кетті.


ІІМ алаяқтардың жаңа амалдары туралы ескертеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Соңғы уақытта қазақстандық ұялы байланыс операторларының абоненттік нөмірлеріне ұқсас ауыстыру нөмірлерін пайдалана отырып полиция және басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кейпіндегі алаяқтық қоңыраулар жиілеп кетті.



Алаяқтар өздерін анықтаушылар немесе тергеушілер ретінде таныстырып, полицияның бөлімшесіне онлайн-несие рәсімделгені туралы азаматтардың туыстары немесе таныстары хабарлағанын айтады. Деректерді нақтылау үшін қылмыскерлер азаматтарға шоттар туралы ақпаратты, сондай-ақ жеке ақпаратты – ТАӘ, ЖСН және т.б. хабарлауды ұсынады. Азаматтар алаяқтық әрекеттердің қысымымен қашықтан қол жеткізуге арналған қосымшаларды өз құрылғыларына орнатқан жағдайларлар да кездеседі. Бұл әрекеттердің барлығы қылмыскерлер ықтимал құрбандардың банктік карталары мен депозиттеріне қол жеткізуге, одан әрі олардан ақша аударуға немесе несие алуға бағытталған.



Алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек?


Егер сізге банктің немесе полицияның болжамды қызметкерінен осындай қоңырау түссе, мәліметтерді нақтылау үшін телефонды қойып, банкке хабарласу ұсынылады. Полиция да, банк қызметкерлері де ешқашан банктік шоттар немесе жеке деректер туралы деректерді растауды сұрамайтынын есте ұстаған жөн. Қандай да бір сылтаумен үшінші тұлғаларға – банктердің, олардың қауіпсіздік қызметтерінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және т.б. дербес деректерді, шоттардың деректемелерін, банктен сіздің абоненттік нөміріңізге келіп түскен sms-кодтарды бермеңіз.


Сонымен қатар, сіздің банктік шоттарыңыздың қорғалуын қамтамасыз ету үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:


– күрделі болуы тиіс парольдерді үнемі өзгертіңіз;


– төлем жүйелерінде бар барлық қауіпсіздік жүйелерін қосу: sms растау, IP-мекенжайды бақылау, 3D-secure және т.б.


Егер сіз ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалған алаяқтық әрекеттердің құрбаны болсаңыз, дереу банкке қоңырау шалып, өз шотыңызды бұғаттауыңыз қажет, сондай-ақ тұрғылықты жеріңіз бойынша полиция бөліміне хабарласуыңыз қажет.


Бұл қылмыстарға қарсы қандай шаралар қолданылуда?


Бірқатар себептерге байланысты, соның ішінде трансшекаралық, интернет-алаяқтықты ашу және тергеу әрдайым тез әрі оңай бола бермейді. Әдетте, мұндай қылмыстарды жасау кезінде үшінші тұлғаларға жасалған банктік шоттар мен карталар, сондай-ақ жалған абоненттік нөмірлер қолданылады. Ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін мүлдем жоқ адамдардың деректерін пайдаланады. Онлайн нарық пен қызметтердің дамуын, сондай-ақ IT-құқық бұзушылықтардың өсуін ескере отырып, ІІМ олардың алдын алу, ашу және тергеу бойынша түрлі шаралар кешенін қабылдауда. Ақпараттандыру және байланыс саласында, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарлама қабылданды.


Өткен жылы киберқылмыспен күрес бойынша бөлімшелердің штат саны ұлғайтылды, аумақтық полиция органдарында интернет-алаяқтықты ашу және тергеу бойынша мамандандырылған жедел-тергеу топтары құрылды. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың 3 айында тіркелген интернет-алаяқтықтардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үштен бірге (34%-ға) азайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқ #ІІМ #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Көктөбедегі Көрісу күні»: алматылықтарды дыбыстық дрондар мен роботтар Көрісу күнімен құттықтады

Бүгін 15:57

GIZ Қазақстанның бассейндік су инспекцияларына 240 жаңа техника береді

Бүгін 15:52

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп

Бүгін 15:44

Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алады?

Бүгін 15:25

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика