AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Халықтың табысын арттыру бағдарламасының жұртқа ти...

Халықтың табысын арттыру бағдарламасының жұртқа тигізген пайдасы шамалы – Президент

Әлеумет 14.07.2022, 15:56 1,102
Халықтың табысын арттыру бағдарламасының жұртқа тигізген пайдасы шамалы – Президент
сурет: Egemen.kz

Соңғы жылдары халықтың табысы біртіндеп өсті


Халықтың табысын арттыру бағдарламасының жұртқа тигізген пайдасы шамалы. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Кеңейтілген отырыста Президент азаматтардың табысын арттыру және адам капиталын дамыту мәселесіне тоқталды.



«Соңғы жылдары халықтың табысы біртіндеп өсті. Былтыр бұл өсім 5% шамасында болды. Бірақ Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында жұрттың табысы орташа республикалық деңгейге жетпейді. Бұл көрсеткіш Алматы және Шымкент қалаларында да төмен. Ал, Қызылорда облысында халықтың табысы тіпті азайып кетті. Биыл мамыр айында азаматтардың нақты табысының көрсеткіші минус 2,9 % болды. Мұндай құлдырау көптен бері болған емес», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Сонымен қатар ол азаматтардың табысын арттыру бағдарламасын пайдасыз деп атады.



«Халықтың табысын арттыру бағдарламасы қабылданды. Бірақ оның жұртқа тигізіп жатқан пайдасы шамалы. Ең алдымен, жергілікті жерлерде тиімді жұмыс жүргізілуі керек. Әкімдер жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуға тиіс. Менің білуімше, бұл бағытта нақты нәтиже жоқ. Тағы да ескертемін. Өңір басшыларының жұмысын бағалаған кезде осы көрсеткішке баса мән береміз. Жұмыс орындарын ашу жұрттың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етеді. Экономиканың тұрақты дамуы да осыған байланысты. Сондықтан Үкімет әкімдермен бірлесіп, бұл міндеттің қалай орындалып жатқанын талдауға тиіс», – деп ескертті Мемлекет басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#кеңейтілген отырыс #президент #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда VI Халықаралық I-CRAFT 2026 конференциясы өтті.

Бүгін 14:15

Жүгіру туризмі Алматыға миллиардтаған табыс әкеледі

Бүгін 14:07

Әрбір өңірдің үні естіледі – Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы жарияланды

Бүгін 13:19

Бесінші алтын! ММА шебері Еркінғали Бүркіталин - XX жазғы Азия ойындарының чемпионы

Бүгін 12:08

Атом энергетикасын дамытуда қауіпсіздікке басымдық беріледі

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);