AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Халықаралық ынтымақтастық: Алматыда балалар мен әй...

Халықаралық ынтымақтастық: Алматыда балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғаудың заманауи тетіктері талқыланды

Әлем Бүгін 14:43 65
Халықаралық ынтымақтастық: Алматыда балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғаудың заманауи тетіктері талқыланды

Бүгін Алматыда өтіп жатқан «Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудың заманауи тетіктері: Қазақстан мен Әзербайжан тәжірибесі, сектораралық өзара іс-қимыл және өңірлік ынтымақтастық» атты екінші маңызды дөңгелек үстелге қатыстым. Айта кету керек, Әзербайжан Республикасының делегациясы қазіргі уақытта Алматы қаласында арнайы сапармен жүр. Үш күнге созылған бұл маңызды бағдарлама мен салалық кездесулердің идея авторы – Алматы қаласы Азаматтық Альянсының президенті Қайыржан Саясатұлы. Екі ел арасындағы әлеуметтік сала мамандарының басын қосып, сенімді әрі тиімді көпір орнатқаны үшін оған үлкен алғыс айтамын!

Кездесу барысында әзербайжандық әріптестеріміз өз елдеріндегі балаларды қорғаудың ұлттық модельдерін ортаға салды. Атап айтқанда, жиынға 2020 жылы Республика Президентінің «Прогресс» медалімен марапатталған, бала құқықтары жөніндегі ұлттық кеңесші, гендерлік теңдік пен балаларды қорғау саласының сарапшысы, «Үмітті болашақ» ( Ümidli Gələcək STİB) ҚБ төрайымы Ашумова Кямаля Забиловна, сондай-ақ әлеуметтік даму және коммуникациялар жөніндегі сарапшы, танымал журналист, мемлекеттік «Прогресс» медалінің лауреаты Байрамова Лия Владимировна қатысты. Сонымен қатар, Әзербайжан өңірлеріндегі отбасылар мен балаларды қолдауға, жергілікті қауымдастықтарды дамытуға және осал топтарға көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жүрген «Отбасылар мен балаларға әлеметтік қолдау» ҚБ төрайымы Абушова Эльнура Нуряддиновна, балалар мен әйелдерге арналған «116111» жедел желісінің директоры, клиникалық психолог Гамбарли Вафа Фуадовна өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұдан бөлек, делегацияның сапарына ұйымдастырушылық, техникалық және қаржылық қолдау көрсетіп, үйлестіріп отырған GIZ өкілі Алиева Ругия Ибрагимовна мен қиын жағдайдағы балалармен жұмыс істеу және оларды әлеуметтік оңалту процестерін сүйемелдеу саласындағы жас маман, «Tut Əlimdən» балаларды оңалту орталығының әлеуметтік педагогы Ёлчиева Лейла Вугаровна да жиынның мазмұнын байыта түсті.

Жиында отбасыларға шұғыл әлеуметтік көмек көрсету және қиын жағдайға тап болған жандарды оңалту бағытындағы құнды тәжірибелер жан-жақты талқыланды. Кешегі және бүгінгі кездесулерге Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының өкілдері қатысып, өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Шара барысында қатысушы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қонақтарға көкейкесті сұрақтарын қойып, өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Әсіресе, «Невада-Семей» қозғалысының өкілі көп жылдар бойы қазақтың ұлы ақыны Олжас Сүлейменовпен бірге қызметтес болғанын айта келе, әзербайжандық қонақтарға қадірлі ақынның ыстық сәлемін жеткізіп, арнайы естелік сыйлығын табыс етті. Сонымен қатар, басқа да ұйымдардың өкілдері құрметті қонақтарға арнайы ән шашу жасап, ерекше көңіл-күй сыйлады.

Маңызды кездесулер ертең де өз жалғасын табады! Журналист, қоғам белсендісі, Халық кеңесі жанындағы республикалық Аналар алқасының мүшесі және Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының өкілі ретінде делегация құрамынан өз әріптестерімді тауып, алдағы уақытта тәжірибе алмасып, тығыз байланыста жұмыс істеуге уағдаластық.

Мұндай екіжақты кездесулердің қоғам үшін маңызы өте зор.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурызбай ауданында жыл соңына дейін 3 балабақша ашылады

Бүгін 15:35

Наурызбай ауданында медициналық инфрақұрылым дамып, жаңа емханалар ашылуда

Бүгін 15:25

Алматыда субұрқақтар қысқы кезеңге кезең-кезеңімен өшіріліп жатыр

Бүгін 15:16

Алматыда «Три богатыря» тұрғын үй кешеніндегі заңсыз қайта құру жұмыстары тоқтатылды

Бүгін 15:13

Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды

Бүгін 15:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);