AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға...

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Білім және ғылым 07.03.2026, 22:23 343 Сұлу
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды
Видео кадры

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ғылым саласында еңбек етіп жүрген ғалым әйелдерге тұрғын үй сертификаттары салтанатты түрде табысталды. Бұл бастама – отандық ғылымды дамытуға үлес қосып жүрген жас ғалымдарды қолдауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Пәтер иегерлерінің қатарында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің оқытушысы, ғылыми қызметкері Айым Зейнуллина бар. Ол ғылым саласында белсенді еңбек етіп, зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген жас ғалымдардың бірі.

Айым Ерболқызы бұл күннің өз отбасы үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау жас ғалымдарға жаңа мүмкіндіктер беріп, ғылыммен еркін әрі терең айналысуға жол ашады.

«Бүгінгі күн біздің отбасымыз үшін ерекше мерейлі күн болып отыр. Мемлекетіміздің жас ғалымдарды және ғылым саласын қолдауының арқасында біз пәтер иесі атанып отырмыз. Бұл – біз үшін үлкен қолдау әрі зор мүмкіндік. Мұндай қолдау болашақта ғылыми зерттеулермен тереңірек айналысуға, жаңа нәтижелерге қол жеткізуге үлкен жол ашады. Мен үшін бұл – еңбегіміздің жоғары бағалануы деп білемін», - деді ол өз ризашылығын білдіріп.

Айта кету керек, ғылымдағы әйелдерді қолдауға бағытталған мұндай бастамалар еліміздегі ғылыми әлеуеттің дамуына, сондай-ақ жас зерттеушілердің ғылымға деген қызығушылығын арттыруға үлкен серпін береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғалымдар #баспана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Отбасы күні: ұзақ жыл отасудың сыры неде?

Бүгін 09:22

15 мамырда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:31

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Кеше 20:28

Демеу Жадраев 77 келіге дейінгі салмақта Қазақстан Кубогының чемпионы атанды. Финалда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері - Қаһарман Қисметовтан басым түсті

Кеше 19:01

Елордалық жасөспірім шахматтан Қазақстан чемпионы атанды

Кеше 19:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);