Қазақстанда сатып алушыларға азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың кең ассортиментіне жеңілдіктер мен арнайы бағалар ұсынатын Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Republic Day акциясына 232 сауда-ойын-сауық орталығы, сауда орталығы мен сауда үйі қосылды. Ал Bereke Fest акциясына 417 сауда желісі қатысуда. Екі акция да еліміздің барлық өңірін қамтиды.
Акциялар аясында тауарлардың әртүрлі санаттарына арнайы ұсыныстар қарастырылған. Жеңілдіктер мөлшері мен акцияларға қатысу шарттары нақты тауар түрлері мен сауда нысандарына байланысты. Жекелеген тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік ұсынылады.
Екі акция ішкі сауданың әртүрлі форматтарын қамтиды. Republic Day - сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда орталықтары мен сауда үйлеріне бағытталса, Bereke Fest акциясы сауда желілерін қамтиды. Мұндай тәсіл мерекелік науқанның ауқымын кеңейтіп, кәсіпкерлердің акцияларға қатысуына қосымша мүмкіндік береді.
Акцияларға қатысатын сауда нысандарының толық тізімі мен мекенжайлары өңір әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында жарияланған.
Республикалық акциялар 2026 жылғы 27 қазанға дейін жалғасады.
Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік