Бостандық ауданында 2026 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 13 жоба жүзеге асып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Жобаның жалпы құны 2 млрд теңгеден асады. Олардың тізімі аудан тұрғындарының бастамасымен қалыптасты. Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі осылай деді.
«Жобалар тізіміне Бостандық ауданының әртүрлі бөліктеріндегі аумақтар мен жаяу жүргіншілер аймағы енгізілді. Атап айтқанда, Әл-Фараби даңғылы жағындағы Ботаникалық бақтың автотұрағы алдындағы аумақты абаттандыру, Сәтбаев көшесіндегі «Симфония» тұрғын үй кешені маңындағы кеңістікті, сондай-ақ Дулати мешіті маңындағы Өтегенов көшесіндегі тротуарлар мен автотұрақ аймағын абаттандыру қарастырылған», – деді аудан әкімі.
Жұмыс Айманов, Радостовец пен Сайын көшесін де қамтиды. Жекелеген жоба №224 мектеп маңында – Егізбаев көшесінен «Verdi» тұрғын үй кешеніне дейінгі учаскеде аллея құруды көздейді.
Сонымен қатар тізімге Алматы көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағы мен Саликов көшесіндегі «SaxonYard» тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы аумақты абаттандыру жобалары енгізілді. Дунаевский мен Левитан көшесінде автоматтандырылған суару жүйелерін орнатылады.
Жобаларды іске асыру барысында сапалы материалдарды, оның ішінде ағаш пен тозуға төзімді жабындарды пайдаланады. Осылайша, бағдарлама аудан тұрғындарының бастамасы мен қажеттілігін ескере отырып анықталған қалалық ортадағы нақты нысандарға қаражат бағыттауға мүмкіндік береді, деп қорытындылады Азамат Қалдыбеков.