AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Халық қатысатын бюджет» аясында 700-ден аса өтіні...

«Халық қатысатын бюджет» аясында 700-ден аса өтінім берілген

Барлығы 16.09.2025, 15:07 750
«Халық қатысатын бюджет» аясында 700-ден аса өтінім берілген
Алматы әкімдігі

Қыркүйек айының басынан бастап алматылықтар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 721 өтінім берді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Қыркүйектің басынан бері Алматы қаласында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына тұрғындардың қызығушылығы айтарлықтай артты. 15 қыркүйектегі жағдай бойынша қала тұрғындары 721 жоба ұсынысын жолдаған.

Алматылықтар көгалдандыру, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, тротуарлар мен арықтарды жөндеу, балалар және спорт алаңдарын орнату, сондай-ақ санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша түрлі идеялар ұсынуда.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 30 қыркүйегіне дейін (қоса алғанда) жалғасады. Бұл кезең аяқталғаннан кейін барлық жобалар сараптамалық кеңестер мен аудандық әкімдіктердің қарауына жіберіледі. Ең көп дауыс жинаған бастамалар 2026 жылы іске асырылады.

Жобаны budget.open-almaty.kz онлайн-платформасы арқылы ұсынуға болады. Өтінімде келесі мәліметтер көрсетілуге тиіс:

  • жобаның атауы мен қысқаша сипаттамасы;
  • нысанның нақты мекенжайы;
  • фото немесе эскиз;
  • алдын ала шығындар сметасы.

Қатысу шарттары:

  • бір адам – бір өтінім – бір нысан;
  • нысан көпшілікке қолжетімді болуы және өтінім берушінің ауданында орналасуы қажет;
  • жобаның ең жоғарғы бюджеті – 294,9 млн теңге.

Барлық сұрақ бойынша тұрғындар өз ауданының әкімдігіне немесе Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесіне 224 39 29 (ішкі 203) телефоны арқылы хабарласа алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Халық қатысатын бюджет #өтінім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);