AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғылымға салынған инвестиция

Ғылымға салынған инвестиция

Білім және ғылым 17.04.2026, 11:58 199 yakiya
Ғылымға салынған инвестиция

Алматыда «Климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарын азайтуға арналған технологиялар мен инновациялар» тақырыбында ауқымды ғылыми конференция өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде ұйымдастырылды.

Конференцияның ашылуы академик Қаныш Сәтбаев ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми қауымдастық мүшелері және қоғам қайраткерлері қатысты.

Ғылыми форумның маңызды оқиғаларының бірі – Сәтбаев университетінде жаңа ғылыми-инновациялық алаңдардың ашылуы болды. Атап айтқанда,  студенттер мен жас ғалымдарға арналған Smart Petro Hub инженерлік зертханасы университет қабырғасында іске қосылды. Ол әлеуметтік жауапкершілік аясында Теңізшевройл (ТШО) компаниясының қолдауымен құрылған. Жаңа зертхана жасанды интеллект, Big Data және цифрлық модельдеу бағыттарында ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріп, Қазақстанның геология және энергетика салаларындағы ғылыми әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

- Осы конференция аясында SmartPetroHub цифрлық аудиториясы салтанатты түрде ашылып жатыр. Оны жабдықтауға Теңізшевройл компаниясы демеушілік көрсетті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды цифрландыру жылы деп жариялады. Ал осы кабинетте заманауи технологиялардың және жасанды интеллект арқасында біздің болашақ мұнай инженерлеріміз түрлі кен орындарының компьютерлік модельдерімен танысып, жұмыс істей алатын болады. Біз жоғары білікті қазақстандық мамандарды дайындаудың маңыздылығын ерекше түсінеміз. Бүгінгі таңда ТШО қызметкерлерінің 96% қазақстандықтар, – деді «Тенізшевройл» ЖШС үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Нұрмұхаммед Қартабаев.

Еске салайық, Теңізшевройл –  заманауи экономиканың қозғаушы күші айналған мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін еліміздегі жетекші компания. 1993 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. 1993 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде Теңізшевройл компаниясының Қазақстан Республикасына жасаған тікелей қаржылық төлемдері шамамен 212 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл сомаға қазақстандық қызметкерлердің еңбекақысы, отандық тауар өндірушілер мен өнім берушілерден сатып алынған тауарлар мен көрсетілген қызметтер, мемлекеттік кәсіпорындарға жасалған төлемдер, сондай-ақ мемлекеттік бюджетке аударылған салықтар кіреді.

 Досбол АТАЖАН

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан боксшылары World Boxing рейтингінде көш бастап тұр

Бүгін 13:11

Қазақстандық студент Қытайдағы халықаралық WorldSkills турнирінде топ жарды

Бүгін 13:05

Шығыс Қазақстанның жас атлетшілері Азия чемпионатынан жүлделі оралды

Бүгін 13:02

Алматылық спортшы Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды

Бүгін 12:59

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы OpenAI серіктестігінің алғашқы нәтижесі ұсынылды

Бүгін 12:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);