Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Гүл жеткіземін деген “курьер” ақтөбеліктің 7,5 млн...

Гүл жеткіземін деген “курьер” ақтөбеліктің 7,5 млн теңгесін қағып кеткен

Әлеумет 28.02.2026, 10:44 145
Гүл жеткіземін деген “курьер” ақтөбеліктің 7,5 млн теңгесін қағып кеткен
ашық дереккөз

Ақтөбеде 26 жастағы тұрғын интернет-алаяқтардың құрбаны болып, 7,5 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Оқиға мереке қарсаңында болған. Жәбірленушіге WhatsApp арқылы белгісіз адам хабарласып, өзін гүл жеткізу қызметінің курьері ретінде таныстырған. Ол тапсырысты растау үшін телефонға келген кодты айтуды сұраған.

Қыз кодты айтқаннан кейін арада біраз уақыт өткен соң оған тағы бір бейтаныс ер адам қоңырау шалады. Бұл жолы ол өзін банк қауіпсіздік қызметінің өкілі ретінде таныстырып, әлгі код алаяқтардың қолына түскенін және жәбірленушінің атына несие рәсімделіп жатқанын айтқан.

Алаяқ “қаражатты сақтау” сылтауымен қызды барлық ақшасын шұғыл түрде “қауіпсіз шотқа” аударуға көндірген. Нәтижесінде ол 7,5 миллион теңгені күдіктілер көрсеткен есепшотқа жіберген.

Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта аталған дерек бойынша күдіктілерді анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары азаматтарды барынша сақ болуға шақырады. Мамандардың айтуынша, SMS немесе push-хабарламалар арқылы келетін растау кодтарын ешкімге айтуға болмайды. Сондай-ақ банктер мен құқық қорғау органдары ешқашан қаражатты “қауіпсіз шотқа” аударуды талап етпейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақиқатты ту еткен дарабоз

Бүгін 16:07

Алматы полициясы хостелдерді тексеріп жатыр

Бүгін 15:57

Жетісу облысының 67,2 пайызы газбен қамтылды

Бүгін 15:14

Тоқаев Беларусь сыртқы істер министрін қабылдады

Бүгін 15:05

Алматылық самокатшылар айыппұл арқалады

Бүгін 14:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика