Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Голливудтық фильмдер Қазақстанда дыбысталуы мүмкін

Голливудтық фильмдер Қазақстанда дыбысталуы мүмкін

Не? Қайда? Қашан? 15.03.2022, 13:08 1,784
Голливудтық фильмдер Қазақстанда дыбысталуы мүмкін
Сурет: Inform.kz

Қазақстан кинотеатрларында Голливуд фильмдері көрсетілмей қалуы мүмкін.


Ресейге қатысты енгізілген санкциялардан кейін бұл мәселе отандық дистрибьюторлар мен кинокөрерменді мазалағаны анық. Дегенмен бірнеше күн бұрын еліміздің бас киностудиясы «Қазақфильм» әлемдік премьераларды дыбыстауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 


Шетелдік фильмдерді қазақша сөйлетуге техникалық мүмкіндіктер де, кәсіби дубляж актерлері де жеткілікті. Алайда бұл – қымбат процесс. Сондықтан ол қаншалық өтеледі? Мамандарды осы мәселе толғандырады.



«Стандарт бойынша бір фильмді дубляждау субтитрлеуге қарағанда қымбат. «Қазақша субтитрден бастасақ» деген ұсыныс болды. Алдағы уақытта бұл фильмдер бізге беріліп жатса, дубляждан бұрын субтитрді қолға алған жөн. Неге? Түсіндіріп көрейін. Біріншіден, дубляжға қарағанда әлдеқайда арзан. Фильм ағылшын тілінде түпнұсқада жүрсе, субтитр қазақ тілінде болады. Бұл көрермендердің тезірек ағылшын тілін меңгеріп алуына да сеп болмақ», - дейді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясының өндіріс бойынша вице-президенті Айдар Баталов.



Бір фильмде ғана әлемдік киножұлдыздарды қазақша сөйлету үшін шамамен 100 мың доллар қажет. Алайда дубляждың қымбаттығы Голливуд премьераларының прокатына кері әсер ететін жалғыз қауіп емес. АҚШ-тың ең ірі студияларымен келіссөздер жүргізу керектігін ұмытпау қажет.



«Бізге тікелей келісім немесе аймақтық дистрибьютор арқылы 30-50 фильм берілсе. Дегенмен күдік те бар, себебі біздің нарық үлкен емес», - дейді  Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясының өндіріс бойынша вице-президенті Айдар Баталов.



Енді жағдайдың қалай өрбитінін күту керек. Мүмкіндік ашылып жатса, артықшылықтары айтпаса да түсінікті. Отандық киноиндустрияның дамуында ірі серпіліс болары анық. Биылдың өзінде «Қазақфильм» кең прокатқа 5 жаңа фильм дайындаған. Оның үшеуі – драма, екеуі – комедия және бір тарихи фильм бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино #дубляж мәселесі #субтитрлеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика